Түркістан 2021 ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық-ғылымдар факультеті Білім технологиялары кафедрасы
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық – біздің болашағымызға жасалған зұлымдық.
Неліктен жемқорлық біз үшін үйреншікті жағдайға айналды?
Мектептегі сыбайлас жемқорлық шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Соның ішінде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық - бүкіл әлемдегі проблема, және, өкінішке орай, бұл жаңа құбылыс емес. Мұндай ауқымда болмаса да, ашық болмаса да, бұрын болған жағдай.
Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық – біздің болашағымызға жасалған зұлымдық.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық – біздің болашағымызға жасалған зұлымдық.
ҰБТ тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық белең алатыны анық аңғарылады. 11 жыл білім алған түлектерге мектеп әкімшілігі және аудандық оқу бөлімі «таныс таптыңдар ма, тиісті адамдармен сөйлесіңдер, ата-аналарың жұмыс істесін» деген секілді тапсырмалар береді. Басқа оқу сабақтары оқытылмай, тек қана ҰБТ-ға тиісті пәндер оқытылып, әр апта сайын ақылы тестілер тапсырылады. Бұл қаржыны есептеп, тексеріп жатқан ешкім жоқ, өткен жылғы тестілерді қайта тексеріп, оқушылардан ақша жинау науқаны басталады. ҰБТ-ға смартфон алып кіру, оны шығару барлығы келісілген. Ал біліміне сенетін, өз күшімен түскісі келетін оқушы осы «психологиялық» үрдіске төтеп бере алмай жатады. Оны шешудің жолдары қандай? Бірінші кезеңде мектепте орташа оқыған баланың ҰБТ кезінде жоғары балл алуы жан-жақты тексерілуі керек секілді. Грантпен оқуға түскен, яғни жоғары балл жинаған түлектің студент кезіндегі 1–2-семестрдегі оқу үлгерімі де назарға алынып, сараптама жасалуы қажет.