Білім саласындағы жемқорлық


Неліктен жемқорлық біз үшін үйреншікті жағдайға айналды?



бет2/3
Дата08.11.2022
өлшемі140,97 Kb.
#157051
1   2   3
Байланысты:
Білім саласындағы жемқорлық

Неліктен жемқорлық біз үшін үйреншікті жағдайға айналды?

Біздің елімізде құқықтық сана дамымағаны ешкімге құпия емес. Көптеген адамдар сыбайлас жемқорлықтың болуына, оның ішінде білім беру саласына бейтарап қарайды. Оның үстіне, олар өздері байқамай жағдайды ушықтырады, яғни сыбайлас жемқорлықты күшейтетін әрекеттерін ескермей, мысалы, сол емтихандарды ,дипломды«сатып алу»сияқты әрекеттерге барады. Сыбайлас жемқорлық жоғары кәсіби білімнің бір бөлігіне айналды.Көбіне халық «Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?»деп ойлайды.

Шындығында, бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды,қоғамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп,адам өлімі, өз-өзіне қол жұмсау фактілеріне алып келуі мүмкін.

2020 жылы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 20% өсті, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

2020 жылы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 20% өсті, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Мәселен, оның айтуынша, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдың 7 айында білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты 164 іс болса, онда 2020 жыл бұл көрсеткіш 201-ге дейін өсті, 107 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 35 адам осы істер бойынша сотталған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша белгіленген зиян мөлшері 254 миллион теңгені құрады, оның 236 миллион теңгесі немесе 93 пайызы өтелді.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа ең көп жол берген аймақтар - Шығыс Қазақстан - 30 факт, Түркістан - 28, Маңғыстау облысы - 20, Қызылорда облысы және 16 факт бойынша Нұр-Сұлтан қаласы.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа ең көп жол берген аймақтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет