Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы



бет23/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
              құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң:

      1) баланың тiлегiн, жеке бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып бiлiм беру ұйымын таңдауға;

      2) ата-аналар комитеттерi арқылы бiлiм беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

      3) бiлiм беру ұйымдарынан өз балаларының үлгерiмiне, мiнез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

      4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнiнде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

      5) балаларының шарттық негiзде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

      2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер:

      1) балаларға өмiрi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрiсi мен дене күшiн дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

      2) бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан бастап жалпы бiлiм беретiн мектепке беруге;

      3) балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бiлiм беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;

      4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге мiндеттi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет