ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
67-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлуi
1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 8-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн, 52-баптың 6-тармағының екiншi абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екiншi және бесiншi абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.
3. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |