стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбiр бiлiм беру деңгейi бойынша:
1) бiлiмнiң мазмұнына;
2) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне;
3) бiлiм алушылардың даярлық деңгейiне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыда мiндеттi стандарттары белгiленедi.
2. Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары, меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi.
57-бап. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың қызметiн олар үшiн жаңа кәсiптер мен мамандықтар бойынша лицензиялау, оларда
лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негiздерде жүргiзiледi.
3. Лицензиар лицензияны беру, оның қолданысын тоқтата тұру мәселелерiн алқалы және жария қарау үшiн консультациялық-кеңесшi орган құрады.
4. Лицензиардың бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқық беретiн лицензияның қолданысын алты ай мерзiмге дейiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтата тұруға құқығы бар.
5. Бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқық беретiн лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен сот жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесi!
57-бапты 6-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
58-бап. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу
1. Аккредиттеудi бiлiм беру ұйымдарының өтiнiшi негiзiнде, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзiмге жүзеге асырады.
Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары сияқты шарттармен және тәртiппен өткiзiледi.
3. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу бiлiм беру ұйымдарының өз қаражаттары есебiнен өткiзiледi.
4. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел агенттiгi жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.
59-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау
РҚАО-ның ескертпесi!
59-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiне сәйкестiгiн сақтауға бағытталған және оны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi:
1) бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.
3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:
1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
2) мемлекеттiк аралық бақылау;
3) Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау болып табылады.
4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.
Медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бiрiншi мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
1) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бiтiру жылынан кешiктiрiлмей;
3) мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi.
5. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк аралық бақылау:
1) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және орта бiлiм беретiн ұйымдар бiлiм алушыларының бастауыш және негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында;
2) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және бiлiм алушылардың оқытудың екiншi курсын аяқтағаннан кейiн (медициналық жоғары оқу орындарында - үшiншi курсты аяқтағаннан кейiн) жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының жалпы бiлiм беретiн және базалық пәндерiнiң циклына енетiн жекелеген пәндердi меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
7. Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.
8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
10. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерiледi.
12. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
13. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
14. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
15. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
16. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
60-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
Достарыңызбен бөлісу: |