Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы


адамдардың құқықтары мен мiндеттерi



бет29/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
              адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажеттi бiлiктiлiкке ие болуы және қосымша бiлiм беруi жүйесiнде кемiнде бес жылда бiр рет тиiстi оқытудан өтуi тиiс.

      2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) бiлiм беру ұйымдарына, мекемелерiне және кәсiпорындарына, тексеру мақсатында қызметтiк куәлiктi көрсету арқылы кедергiсiз кiруге, ал ведомстволық бiлiм беру ұйымдарына - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып кiруге;

      2) тексерудi жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.

      3. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;

      2) тексерулердi осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi негiзiнде және оларда белгiленген тәртiпке қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;

      3) тексеру жүргiзу кезеңiнде бiлiм беру ұйымдарының белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;

      4) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамаларымен белгiленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiлiктi уақтылы және толық көлемде


орындауға;

      5) бiлiм беру ұйымына тексеру қорытындылары туралы анықтаманы оны аяқтаған күнi беруге;

      6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      4. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (шешiмдерiне) және iс-әрекеттер жасау (шешiмдердi қабылдау) үшiн негiздеме болған ақпаратқа мүдделi адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкiн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет