Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы


-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ



бет33/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
10-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

      65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы


             экономикалық қызмет

      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша өз жұмысының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк бiлiм беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, бiлiм беру саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.
      Әскери оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және бiлiм беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртiппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.

      3. Қазақстан Республикасы бiлiм беру ұйымдарының халықаралық


ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртiбiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негiзiнде немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары оқу орындарының, олардың филиалдарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау, сондай-ақ оларды мемлекеттiк аттестаттау мен аккредиттеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      66-бап. Шет елдегi қазақ диаспорасының бiлiм алу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет