Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру



Pdf көрінісі
бет56/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz
адыс тасыл, Презентация Microsoft PowerPoint (2), мінездеме
      62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

      1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін

қамтамасыз етеді.

      2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік




жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының

заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру

мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және

функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

      4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру

ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы

уәкілетті орган бекітеді.

      5. Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта

даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:

      1) мамандарды даярлау бағыттарын;

      2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар

санын);


      3) бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

      Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру

тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы

көрсетіледі.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар осы Заңның 65-бабының 4-тармағында

көзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында мамандарды

даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ

адамдарды оқыту енеді.

      


РҚАО-ның ескертпесі!

      62-бапты 5-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2011.10.24 

N 487-IV

 (1 және 2 абзацы

2015.01.01 бастап, 3 және 4 абзацы  2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру

тапсырысы тәрбиеленушілер санын және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын

қамтуға тиіс.

      7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру

тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      8. Жоғары білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру

гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып

орналастырылады.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру

грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерінен кем болмайды.




      

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан

 қараңыз) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет