Білім туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы
Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін
қараңыз.
68-баптан
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу
және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін",
"оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген
сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
№ 487-ІV
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік
саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім
алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.