Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы



Pdf көрінісі
бет14/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz
адыс тасыл, Презентация Microsoft PowerPoint (2), мінездеме
4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

      13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы


      Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз

болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

      Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде

әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.



      14-бап. Білім беретін оқу бағдарламалары

      1. Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:

      1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

      2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

      3) қосымша болып бөлінеді.

      Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының

талаптарына сәйкес әзірленеді.

      Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу

бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

      2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың,

жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде

таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.

      Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

      2) бастауыш білім беру;

      3) негізгі орта білім беру;

      4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.

      Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының

жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған білім беретін оқу

бағдарламалары әзірленеді.

      Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік

консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы білім

беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.

      3. Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары

бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның

кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.

      Кәсіптік оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:

      1) техникалық және кәсіптік білім беретін;



      2) орта білімнен кейінгі білім беретін;

      3) жоғары білім беретін;

      4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларына бөлінеді.

      4. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі

билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі,

азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын

мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.

      5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін

эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске

асырылатын эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары 

.

әзірленеді



      6. Интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын білім беру ұйымдары білім беру

саласындағы 

 келісім бойынша әзірлейді. Интеграцияланған білім беретін оқу

уәкілетті органмен

бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы

мүмкін.


      7. Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi

органмен келiсiм бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.

      8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру

саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган

бекітеді.

      


9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы

лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.

      

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19 



N 395-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет