денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі
қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
3. Денсаулық сақтау жүйесінің
ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық
жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру
ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім
беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз
ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының
тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтіп тұруға міндетті.
заңнамасында белгіленген
5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады.
Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және
қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: