1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың
ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды
даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: