2017
«Bilimal»АБЖ-нің пайдаланушы нұсқаулығы
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
«Bilimal. Электронды мектеп» АБЖ-не мәліметтерді енгізу жөніндегі қадам бойынша нұсқаулық
кезең. Негізгі мәліметтер. (Қызметкерлер жөніндегі мәліметтерді, енгізу)
Бұл кезеңде «Бiлiмал» АБЖ-не негізгі мәліметтер енгізіледі. «Қызметкерлер картотекасы» толтырылады, қызметкерлер мәліметтері енгізіледі, «Бiлiмал» АБЖ-не логин және пароль(кілт сөз) алады,
« Қызметкерлер картотекасын» толтыру Қызметкерлер картотекасы келесі ретпен толтырылады:
- Қызметкерлерді қосу.
-Қызметкер туралы толық ақпаратты жеке картасына енгізу.
кезең. Негізгі мәліметтер. (Оқушылар және олардың ата-аналары жөнінде мәліметтерді, пәндерді енгізу, мұғалімдерді тағайындау, сабақ кестесін.)
Бұл кезеңде «Бiлiмал» АБЖ-не негізгі мәліметтер енгізіледі. «Оқушылар картотекасы» толтырылады, оқушылар және олардың ата-аналары жөнінде мәліметтер енгізіледі, оқушылар және ата-аналар «Бiлiмал» АБЖ-не логин және пароль(кілт сөз) алады, пәндер тізімі толтырылады, мұғалімдерге пәндер және сыныптар тағайындалады, сынып жетекшілер тағайындалады.
« Оқушылар картотекасын» толтыру Оқушылар картотекасы келесі ретпен толтырылады:
-Сыныптар қосу.
-Сыныптарға оқушыларды қосу. -Оқушыларды қабылдау.
-Оқушы сауалнамасына оқушы жөніндегі ақпаратты енгізу. -Оқушының ата-анасы жайлы ақпаратты енгізу.
Оқушылар мәліметтерін сынып жетекшілердің толтыруы ұсынылады. Сынып жетекшілері оқушылар және ата-аналары жайлы ақпараттарды енгізген соң, оқушыларға және ата-аналарына «www.bilimal.kz» сайтынан логин және пароль алу үшін жүйе әкімшісіне бару керек.
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
Пәндерді толтыру, мұғалімдерге пәндер және сыныптар тағайындау, пәндер бойынша сыныптарға топ бөліктерін құру.
Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары мәліметтерді келесі ретпен толтырады:
Мұғалімдерге пәндер («Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының кабинеті» - «Мұғалімдермен жұмыс» қойындысы - «Мұғалімдердің пәндері» бөлімі)
Сынып жетекшілерге сынып жетекшілік тағайындалады («Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының кабинеті - «Мұғалімдермен жұмыс» қойындысы - «Сынып жетекшілер» бөлімі)
Қажетті жағдайда, пәндер бойынша сыныптарға топ бөліктерін қалыптастыруға болады. Топ бөліктерін қалыптастыру «Басты мәзір»
«Сабақ кестесі» («Басты мәзір» - «Сабақ кестесі» - «Топ бөліктерін қалыптастыру» қойындысы) тармағында іске асырылады.
Мұғалімдерге сыныптар тағайындалады, керекті жағдайда топ бөліктері («Басты мәзір» - «Сабақ кестесі» - «Мұғалімдерді топ бойынша
тағайындау» немесе «Басты мәзір» -« Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының кабинеті» - «Мұғалімдермен жұмыс» қойындысы - « Мұғалімдерді топ бойынша тағайындау» бөлімі).
Корпус, кабинеттер жайлы деректерді толтыру
«Шаруашылық меңгерушінің кабинеті» модулінде шаруашылық меңгерушісімен (пайдаланушыға «шаруашылық меңгерушісі» ролі тағайындалуы тиіс) корпус және кабинеттер деректері толтырылады:
Корпусты қосу үшін, жоғарғы сол жақ бұрыштағы, «Корпусты қосу» тетігін басып, корпус деректерін толтырып «Сақтау» («Корпустар және кабинеттер» бөлімі) тетігін басу қажет;
Кабинеттерді қосу үшін, ғимарат атын басып, ашылған бетте «Кабинеттер саны:» сілтемесін басу керек (корпус жайындағы мәліметтер кестесінің төменгі жағында).
Кабинеттер тізімі ашылады. Беттің сол жақ жоғарғы бұрышындағы «Қосу» тетігін басу керек, кабинет жайлы деректерді толтырып «Сақтау» тетігін басу керек.
Сабақ кестесі
Оқу сабақ кестесін құру үшін келесі толтырылуы тиіс:
корпус және кабинеттер («Басты мәзір» - «Шаруашылық меңгерушінің кабинеті»);
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
сыныптар, оқушылар («Басты мәзір» - «Оқушылар картотекасы»); мұғалімдер («Басты мәзір» - «Қызметкерлер картотекасы»);
мұғалімдерге пәндер тағайындаулы («Басты мәзір» - «Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының кабинеті» - «Мұғалімдермен жұмыс» – «Мұғалімдердің пәндері» бөлімі);
Мұғалімдер сынып бойынша тағайындаулы («Басты мәзір» - «Сабақ кестесі» – «Мұғалімдерді сынып бойынша тағайындау» қойындысы, немесе «Басты мәзір» -«Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының кабинеті» - «Мұғалімдермен жұмыс» қойындысы - « Мұғалімдерді сынып бойынша тағайындау» бөлімі).
Сабақ кестесін құру құқығы «Директор», « Оқу ісі жөніндегі директор
орынбасары» және «Супер администратор» рөлі қойылған қолданушыларда бар.
4.1 Сабақ кестесін құрастыру
Сабақ кестесін құру үшін «Басты мәзірден» «Сабақ кестесі» тармағына ауысу керек, одан «Сабақ кестесін құрастыру» қойындысына ауысып, керекті сыныпты таңдап, ауысымды таңдау керек. Ашылған сабақ кестесі бетінде, пәнді қосу үшін таңдалған ұяшықта ("плюс" тетігін басып таңдау қажет) оқу жөніндегі деректерді енгізіп (пәнді,мұғалімді және кабинетті таңдау) «Қосу» тетігін басу керек. Сабақ «Қосу» тетігін басқаннан кейін сабақ кестесінде сақталады.
4.2 Қоңырау кестесін құру
Қоңырау кестесін құру үшін, «Қоңырау кестесі»("Басты мәзір" - " Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының кабинеті " - "Оқу үрдісі") қойындысына ауысып, кестенің профилін (профильдің атын, түрі және ауысымды енгізу) құру керек. Профильдер әр кунге әр түрлі қоңырау кестесін қою үшін қажет (Мысалы, сенбі қысқартылған күн). Профильдерді құрғаннан кейін "Аптадағы қоңыраулар кестесі" қойындысына ауысу керек. Қажет профильді таңдап (профильді тышқанның сол жақ тетігімен басу керек) содан кейін күндерді таңдау керек (таңдалған күнді басқанда,"күннің" түсі "Профильдің" түсіне боялуы керек).
кезең. Оқу үлгерімі туралы мәліметтер. (КТЖ, сабақ жоспарлары, баға қою.)
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
Бұл кезеңде мұғалімдер КТЖ толтырады, сабақ жоспарларын толтырады, осы сабақ жоспары бойынша бағалар қояды.
«Оқытушы кабинеті» - КТЖ
Мұғалімдер «Оқытушы кабинеті» «Жоспарлар» қойындысында КТЖ толтырады.
1.1 КТЖ толтыру.
КТЖ құру үшін «Жаңа жоспарды құру» батырмасын басып, КТЖ мәліметтерін толтырып, «Сақтау» батырмасын басу керек.
КТЖ-ды бірнеше сыныптарға көшіруге болады(параллельді, мысалы 8А, 8Б), ол үшін КТЖ құру кезінде (мысалы, 8А) «Көшіру» батырмасын басып, керекті сыныпты таңдау керек(мысалы, 8Б).
Оқу ісі жөніндегі директор орынбасарымен КТЖ-дың қаралуы КТЖ оқу ісі жөніндегі директор орынбасарымен қаралады («Басты мәзір»
«Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары кабинеті» - «Жоспарлар мен бағдарламарды басқару»)
4.«Оқу үлгерімінің журналы» - баға қою, тоқсандық бағаларды қою
Маңызды: ағымдық бағаларды құрылған сабақ жоспары бойынша қоюға болады (сабақ тақырыбы). Бағалар «Оқу үлгерімінің журналында» қойылады. Сабақ тақырыбын өзгерту үшін, КТЖ-ды өзгерту керек.
IV кезең. «Бiлiмал» АБЖ-дегі жұмыс
Бұл кезеңде барлық негізгі мәліметтер енгізілген. Қызметкерлер картотекасы, оқушылар картотекасы, ата-аналар жайындағы мәліметтер толтырылды; қызметкерлер, ата-аналар, оқушылар логиндерін және кілт сөздерін алды; мұғалімдер КТЖ және сабақ жоспарларын толтырды, бағалар қойылуда, сайттан оқыту бойынша статистикалық мәліметтерді көруге болады.
«Статистикалық мәліметтер» және «Есептер»
Автоматты түрде енгізілген ақпараттар негізінде «Басты мәзір»: «Статистикалық мәліметтер» және «Есептер» тармағында статистикалық мәліметтер қалыптасады. Бұл тармақтар директорге және директор орынбасарларына қол жетімді.
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
«www.bilimal.kz» сайтындағы статистика»
Автоматты түрде, енгізілген мәліметтер негізінде оқу үлгерімі туралы статистикалық мәліметтер қалыптасады, оқушылардың ұлт құрамы, жас құрамы, мұғалімдер құрамы бойынша. Ақпарат «www.bilimal.kz» сайтында қол жетімді.
«www.bilimal.kz» сайтындағы ата-ана кабинеті»
«www.bilimal.kz» веб-порталына, хабарламалармен ауысу үшін ww.bilimal.kz әлеуметтік желісіне, талқылау алаңдарын жүргізуге және тағы басқаға қол жеткізеді. Балалардың оқу үлгерімін, үй жұмыстарын, сабаққа қатысуын, сабақ кестесін көре алады.
«www.bilimal.kz» сайтындағы оқушы кабинеті»
«www.bilimal.kz» сайтына кіру мүмкіндігін алады. Өздерінің оқу үлгерімі жайында ақпаратты, үй жұмыстары, сабаққа қатысуы, сабақ кестесін көре алады. www.bilimal.kz әлеуметтік желіде хабарламалармен ауысуға, талқылау алаңдарын жүргізуге және тағы басқаға мүмкіндік алады.
«Психолог кабинеті»
Студенттерге, мұғалімдерге психологиялық тесттер жүргізуге болады.
«Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары кабинеті»
Автоматты түрде мұғалімдермен қойылған бағалар негізінде, оқу үлгерімі жөнінде статистикалық мәліметтер қалыптасады. Мұғалімдер және пәндер бойынша оқу үлгерімі жөніндегі ақпаратты көре алады.
«Шаруашылық меңгерушінің кабинеті»
Инвентарлық карталары, жөндеу жұмыстары толтырылады, қызметкерлер шаруашылық меңгерушіге құрылғыға өтінім жібере алады, шаруашылық меңгерушісі құрылғыға өтінімді бухгалтерияға жібере алады.
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |