Пән бойынша негізгі ұғымдар, анықтамалар тізімі (глоссарий) абж



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі462,86 Kb.
  1   2   3
Пән бойынша негізгі ұғымдар, анықтамалар тізімі (глоссарий)
АБЖ – автоматты басқару жүйесі, басқарудың жалпы тапсырмасымен байланысты автоматты басқарудың техникалық құралдары кешені (ТҚК) мен жедел технологиялық персоналдың жиынтығы.

Автоматтандырылған технологиялық кешен (АТК) – бірігіп жұмыс жасайтын ТПБАЖ және БТН-ның жиынтығы.

Алғашқы өлшеу түрлендіргіш - бұл нысанда тікелей орнатылатын және өлшенетін ортаның әсерінде болатын сезімтал элемент, байланыс каналымен беру үшін қолайлы өлшенетін шаманы шығыс сигналына түрлендіреді.

АРЖ – автоматты реттеу жүйесі, өз бетімен өзгеретін сыртқы ауытқу әсерлері кезінде ұзақ уақыт бойына қандай да болмасын процестің өтуін сипаттайтын бір х шамасының немесе бірнеше х1, х2, х3, ..., хn шамаларының тұрақты мәндерін қолдау жүргізілетін тұйықталған динамикалық жүйе.

Бағдарламалық-логикалық басқару құрылғысы – қондырғыны жіберу, тоқтату, кезеңдік әрекетті қондырғыны алдын ала берілген уақытша бағдарлама бойынша бір жұмыс операциясынан екінші операцияға ауыстыру операциялары жүктелген автоматты құрылғылар.

Байланыс каналы бірінші түрлендіргіштен екінші құралға сигналды беру үшін қызмет етеді.

Бақылаудың автоматты құрылғылары (бақылау-өлшеу құралдары) – бұл технологиялық параметрлерді, яғни температураны, қысымды, шығын, деңгей және өнімнің сапалық параметрлерін жылдам және дәл өлшеуді қамтамасыз ететін құрылғылар.

Басқару – анықталған ақпараттың негізінде таңдап алынған және қолда бар бағдарлама немесе басқару мақсатына сәйкес нысанның жұмыс жасауын қолдауға немесе өзгеруіне бағытталған әрекеттердің жиынтығы.

Басқару критерийлері – толығымен алғандағы БТН-нің жұмыс жасауын сипаттайтын және ауытқушы және басқарушы әсерлерге байланысты сандық мәндерді қабылдайтын көрсеткіш.

Басқару пункті – ақпаратты беру құралдары және нысанды басқару органдары шоғырланған орын.

БТН – бұл технологиялық құрал-жабдықтардың және сәйкес тәртіп бойынша онда жүзеге асырылған технологиялық процестің жиынтығы.

Газ талдағыштар – газдық қоспаның көлемдік құрамын анықтау үшін тағайындалған құралдар.

Деңгей өлшегіштер – сұйықтықтың деңгейін өлшеу үшін құралдар.

Жеткізуші өлшеу түрлендіргіш - өлшенетін ақпараттың сигналын қашықтан беру үшін тағайындалған.

Кіріс парамтерлері - бұл технологиялық аппаратқа кіру кезіндегі материалдық және энергетикалық ағындар туралы түсінік беретін параметрлер.

Қалыпты технологиялық режим – процесті басқару кезінде қойылған тапсырманы шешуді қамтамасыз ететін параметрлер мәнінің жиынтығы.

ҚМЖ – құралдар мен автоматтандыру жабдықтарының мемлекеттік жүйесі.

Қосымша құрал – бұл бірінші түрлендіргіштен сигналды қабылдайтын және оны қабылдауға қолайлы түрде көрсететін құрылғы.

Қорғау құрылғылары – авариялар, өрт, жарылыс, құрал-жабдықтың істен шығуының алдын алу үшін тағайындалған автоматты құрылғылар.

Құралдың дәлдік класы – мүмкін болатын негізгі және қосымша қателіктердің шегімен анықталатынөлшеу құрал-жабдықтарының, сондай-ақ өлшеу дәлдігіне әсер ететін басқа да қасиеттердің қорытынды сипаттамасы.

Өлшеу сапасы өлшеудің дәлдігімен, сенімділігімен, дұрыстығымен, сондай-ақ мүмкін болатын қателіктердің мөлшерімен сипатталады.

Манометрлер – қысымды өлшейтін құралдар.

Метрология - өлшеу теориясы, олардың бірыңғайлылығын қамтамасыз ететін құралдар мен қажет дәлдікке қол жеткізу үшін әдістер туралы сұрақтармен айналысатын арнайы ғылым.

Өлшегіш құрал – процестің қандай да болмасын параметрі туралы сигналды, адамның тікелей қабылдауына түсінікті формада шығару үшін қызмет ететін өлшеу құрылғысы.

Өлшегіш түрлендіргіш – сигналды беру, онан әрі түрлендіру, өңдеу және сақтау үшін қолайлы, бірақ бақылаушыға бұл сигналды тікелей қабылдауға мүмкіндік бермейтін сигналды шығаратын өлшеу құралы.

Өлшем – берілген өлшемнің физикалық шамаларын көшірмелеу үшін тағайындалған өлшеу құралы.

Өлшеу – арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тәжірибелі жолмен физикалық шаманың мәнін табу.

Өлшеу әдісі – бұл өлшеу құралдары мен қағидаларын қолдану әдістерінің жиынтығы.

Өлшеу жүйесі – бір-бірімен байланыс каналдары арқылы жалғанған, өлшенетін ақпаратты автоматты өңдеу, беру үшін қолайлы формада сигналдарды шығару үшін тағайындалған өлшеу құралдары (өлшем, өлшеу құралдары, өлшегіш түрлендіргіштер) мен қосымша құрылғылардың жиынтығы.

Өлшеу құралдары - өлшеу кезінде қолданылатын және нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құрал.

Реттеу құрылғылары (реттегіштер) – технологиялық параметрдің берілген мәндерге ағымдық мәндердің тең болуын қолдау үшін тағайындалған автоматты құрылғылар.

Сигнал беру құрылғысы – параметрлердің мүмкін болатын шектен ауытқуы туралы жарық арқылы немесе дыбыстық сигналдар арқылы белгі беру жолымен персоналды автоматты түрде хабарлауға тағйындалған автоматты құрылғылар.

Термометрлер – заттың температурасын өлшейтін құралдар.

Технологиялық режим – барлық параметрлердің мәндерінің бір мезгілдегі жиынтығы.

ТПБАЖ – бұл басқару функциясын орындау үшін қажетті ақпаратты жинақтау мен өңдеу қазіргі заманғы автоматтандыру құралдары мен есептеу техникасын қолдана отырып жүзеге асырылатын БТН-ның (басқарудың технологиялық нысаны) тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін адам-машина жүйесі.

Тығыздық өлшегіштер – заттың тығыздығын өлшеу үшін тағайындалған құралдар.

Ішкі ауытқулар – бұл барлық кіріс парамтерлерін және қайсыбір шығыс параметрлерін, сондай-ақ қоршаған орта параметрлерін өзгерту кезінде БТН сырттан енетін ауытқулар.

Хроматографтар – сұйық көп компонентті және газды қоспаларды талдау үшін тағайындалған құралдар.

Шығын өлшегіштер - заттың шығындалуын өлшеу үшін тағайындалған құралдар.

Шығыс параметрлері – бұл шығатын ағындарды, яғни шығу кезіндегі өнімнің температурасы, қысымын сипаттайтын параметрлер.
Пәннің мақсаты мен тапсырмалары
Пәннің мақсаты – бақылау-өлшеу құралдары мен автоматтандыру жабдықтары, технологиялық процестерді бақылау мен реттеудің қазіргі заманғы әдістері облысындағы оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын қалыптастыру.

Пәнді оқыту тапсырмалары – БӨҚ мен АҚ (бақылау-өлшегіш құралдары мен автоматтандыру жабдықтары) әрекет етуінің қағидаларын және автоматтандыру құралдарын қолдану мүмкіндіктерін, құралдарды пайдалану ережелерін және технологиялық процестерді басқаруда оларды қолдануды, технологиялық процестерді автоматтандыру сызбасын құру және оқу ережелерін оқып үйрену.

Сабақ №1
1.Сабақ түрі: Дәріс

2.Тақырып: Кіріспе

3.Сабақ жоспары:


  • Пәннің мақсаты;

  • Тапсырмалары;

  • Автоматизацияның даму тарихы туралы, автоматты жүйелердің түрлері туралы мәліметтер;

  • Есептеу техникасының ролі;

4.Сабақтың мазмұны

Химия өнеркәсібінде кешенді механикаландыруға және автоматтандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл технологиялық процестердің өтуінің күрделілігімен және жоғары жылдамдығымен, сондай-ақ олардың режимнің бұзылуына сезімталдығымен және жұмыс жағдайының зияндылығымен, өңделетін заттардың жарылыс және өрт қауіптілігімен және т.б. түсіндіріледі.

Өндірісті механикаландыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне қарай ауыр физикалық еңбек қысқарады, өндірісте тікелей қамтылған жұмысшылар саны азаяды, еңбек өнімділігі ұлғаяды. Механикаландырылған технологиялық процесте адам тікелей араласа береді, бірақ оның физикалық жұмысы батырмаларды басу, тетіктерді бұрау және т.б. ғана болмақ. Бұл жерде адамға механизмдер мен машиналарды басқару қызметі жүктелген.

Аппараттардың жүктемесі, машиналардың қуаттылығы, өндірістің күрделілігі мен көлемінің ұлғаюымен, қысымның, температураның және химиялық реакциялардың жылдамдығының жоғарылауымен механикаландырылған өндірістің өзінде қол еңбегін елестеті мүмкін емес. Мысалы, полиэтилен өндірісінде қысым 300 МПа жетсе, ал кальций карбиді өндірісінде электр пештеріндегі температура 30000С тең, қайнап жатырған қабаттағы күкіртті колчеданның күйдірілуі бірнеше секундқа созылады. Мұндай жағдайларда тәжірибелі жұмысшының өзі, жұмыстың нормадан ауытқуы жағдайында процеске өз уақытында әсер ете алмауы мүмкін, ал ол аварияға, өрттің, жарылыстың болуына, шикізат пен жартылай өнімдердің үлкен бөлігінің бүлінуіне әкелуі мүмкін.

Адам ағзасының шектеулі мүмкіндіктері (шаршағыштық, қоршаған ортаның өзгеруіне және келіп түсетін ақпараттың көптігіне реакция жылдамдығының жеткіліксіздігі, қалыптасқан жағдайды бағалаудағы субъективтілік және т.б.) өндірісті одан әрі күшейтуге кедергі болып табылады. Машиналық өндірістің жаңа кезеңі келіп жетуде – автоматтандыру, яғни адам өндіріске тікелей қатысудан босайды, ал технологиялық процестерді, механизмдерді, машиналарды басқару қызметі автоматты құрылғыларға беріледі.

Қолмен орындалатын жұмыс операцияларында операторларды машиналар мен механизмдермен толықтай немесе ішін-ара алмастыруды механикаландыру деп атайды. Механикаландыру кезінде бақылау және басқару қызметі адамға қалмақ. Автоматтандыру – ең алдымен адамнан машинаға ақпарат ағынының азаюымен және әртүрлі деңгейлер мен басқару звеноларының өз бетінше қызметінің жоғарылауымен сипатталатын өндірістің жетілдірілу процесі.

Автоматтандыру өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына әкеледі, атап айтқанда, санның ұлғаюына, сапаның жақсаруына және шығарылатын өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, еңбек өнімділігінің жоғарылауына. Автоматтық құрылғыларды енгізу өнімнің жоғары сапасын, ақаулар мен қалдықтардың қысқаруын, шикізат пен энергияның, негізгі жұмысшылар санының азаюын, ғимараттарды құрылысына капиталды шығындардың төмендеуін (өндіріс ашық аспан астында ұйымдастырылады), жабдықтардың жөндеу аралық жүрісі мерзімдерінің ұзаруын қамтамасыз етеді.

Қайсыбір қазіргі заманғы технологиялық процестердің жүргізілуі оларды толық автоматтандыру жағдайында ғана мүмкін болмақ (мысалы, атомдық қондырғыларда және жоғары қысымды бу қазандарында жүзеге асырылатын процестер, дегидрациялау процестері және т.б.). Процестерді қолмен басқару кезінде адамның араласуы және оның процеске өз уақытында араласпауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Арнайы автоматты құрылғыларды енгізу жабдықтың авариясыз жұмыс жасауына мүмкіндік береді, жарақат алу жағдайларын болдырмайды, атмосфералық ауа ластануын және су қоймаларының өнеркәсіптік қалдықтармен ластануын ескертеді. Автоматтандырылған өндірісте адам шығармашылық жұмысқа кіріседі – басқару нәтижелерін талдау, автоматты құралдар үшін тапсырмалар мен бағдарламаларды дайындау, күрделі автоматты құрылғыларды реттеу және т.б.

Автоматтандырудың онан әрі дамуы икемді өндірістік модульдердің – адамның қатысуынсыз ЭЕМ-нің көмегімен басқарылатын тәуелсіз өңдеуші кешендердің жасалуы болып табылды; икемді өндірістік ұяшықтарды, шикізат, реагент және басқа да қажетті материалдар мен ақпаратты беретін басқа өндірістік бөлімшелермен бірігу. Бұл ЭЕМ-нен басқарылатын машиналар жүйесінің жасалуына әкелді. Автоматтандырудың шешуші қадамы ЭЕМ-нің көмегімен барлық өндірістік қызметті интеграциялау болып табылады.

Сабақ №2

1.Сабақ түрі: Дәріс (4 сағат)

2.Тақырып: Тарау 2. Технологиялық параметрлерді автоматты бақылау.

2.1.Метрологияның негізгі түсініктері мен өлшеу құралдарының жіктелуі.

3.Сабақ жоспары:


  • Метрология түсінігінің анықтамасы. Өлшеу. Өлшеу құралдары, олардың элементтері мен параметрлері;

  • Өлшеу құралы. Тағайындалуы мен түрлері бойынша құралдарды жіктеу;

  • Өлшеудің негізгі әдістері;

  • Өлшеу сапасы;

4.Сабақтың мазмұны
1. Метрология анықтамасы. Өлшеулер. Өлшеу құралдары, олардың элементтері мен параметрлері
Өлшеу – арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тәжірибелі жолмен физикалық шаманың мәнін табу.

Метрология - өлшеу теориясы, олардың бірыңғайлылығын қамтамасыз ететін құралдар мен қажет дәлдікке қол жеткізу үшін әдістер туралы сұрақтармен айналысатын арнайы ғылым.

Метрологияда тіке, жанама, тұтас және ортақ өлшеулерді ажыратады.

Барлық өлшеулер өлшем мен өлшеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.

Өлшеу жабдықтары деп өлшеу кезінде қолданылатын және нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық жабдықтарды атайды.

Өлшем деп берілген көлемнің физикалық шамасын көшірмелеу үшін тағайындалған өлшеу құралдары. Мысалы, масса өлшемі ретінде таразы тастары, электрлік кедергі өлшемі - өлшегіш резистор, электрлік тербелістер жиілігінің өлшемі – кварцтық генератор. Бір ғана өлшемнің физикалық шамасын көшірмелейтін өлшем бір мәнді (мысалы, таразы тастары, ұзындықтың ақырғы өлшемдері, өлшегіщ ыдыс) деп аталады. Әртүрлі өлшемді аттас шамаларды көшірмелейтін өлшемдер көп мәнді (мысалы, бөлінулер түсірілген сызғыш, айнымалы сыйымдылықтың конденсаторы) деп аталады.
2. Өлшегіш құралы. Тағайындалуы мен түрі бойынша құралдардың жіктелуі
Процестің қандай да болмасын параметрі туралы сигналды, Бақылаушының тікелей қабылдауы үшін мүмкін болатын формада өлшегіш ақпарат сигналын шығару үшін қызмет тағайындалған өлшеу жабдығы өлшегіш құрал деп аталады. Беруге, одан әрі түрлендіруге, өңдеуге және сақтауға қолайлы, бірақ бақылаушыға бұл сигналды тікелей қабылдауға мүмкіндік бермейтін формадағы сигналды шығаратын өлшеу жабдықтары өлшегіш түрлендіргіш деп аталады. Алғашқы өлшеуіш түрлендіргішті (өлшейтін шама келтірілген, яғни өлшеуіш тізбектегі бірінші) және беруші өлшеуіш түрлендіргішті (өлшегіш ақпарат сигналын қашықтан беруге тағайындалған) ажыратады.

Шығу формасы бойынша барлық өлшеуіш құрылғыларды аналогтық және цифрлық деп бөледі. Аналогтық өлшеуіш құрылғыларында мәні бойынша шығу шамасы шығу болып табылады, әдетте бұл құрал шкаласымен көрсеткіштің жылжуы немесе тіркейтін құрылғының диаграммалық қағазында қаламның қозғалуы. Цифрлық өлшеуіш құрылғыларында өлшеуіш шама, санмен немесе кодпен көрсетілген өлшеудің ақырғы нәтижесі ретінде дискретті формада беріледі. Олар жоғары дәлдікке, сезімталдыққа, жылдам әрекет етуге ие, көрсеткіштердің субъективті есептелуімен байланысты қателігі болмайды, өлшеу-ақпараттық жүйелері мен есептеу техникасында пайдалану үшін қолайлы кодталған шығуы болады.


3. Өлшеудің негізгі әдістері
Өлшеу әдісі – бұл өлшеу құралдары мен қағидаларын қолдану әдістерінің жиынтығы.

Тікелей өлшеу үшін бірнеше негізгі әдістерді бөледі: тікелей бағалау, өлшеммен салыстыру, дифференциальды, нольдік, сәйкес келу.

Тікелей бағалау әдісі тікелей әрекет ететін өлшеу құралының есептеу құрылғысы бойынша өлшенетін шаманың мәнін береді. Мысалы, қысымды серіппелі манометрмен өлшеу. Бұл әдіспен өлшеу дәлдігі шектелген, бірақ өлшеу процесі тез жүреді. Бұл әдіспен өлшеу құралдарының тобына көрсететін, соның ішінде тілсызықты құралдар (маномтерлер, вольтметрлер, шығын өлшегіштер) жатады.

Айрықша дәл өлшеулерді орындау жағдайында өлшеммен салыстыру әдісін қолданады: өлшенетін шаманы көшірілген өлшеммен салыстырады. Мысалы, таразы тастарымен теңестіре отырып рычагты таразыда массан өлшеу.



Дифференциальды (айырмашылықты) әдіс бойынша өлшенетін және белгілі (көшірілген шамамен) шамалар мәндері арасындағы айырмашылықты қолданады. Мысалы, ұзындық өлшемін тексеру кезінде компараторда үлгі өлшемімен өлшемдерді салыстыру. Дифференциальды (айырмашылықты) әдіс айырмашылықты өлшеудің салыстырмалы дөрекі құралдарын қолдану кезінде де нәтижелерді жоғары дәлдікпен алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдісті, мәні өлшенетін мәнге жақын болатын белгілі шаманы үлкен дәлдікпен көшіру жағдайында ғана жүзеге асыруға болады.
4. Өлшеу сапасы
Өлшеу сапасы өлшеудің дәлдігімен, сенімділігімен, дұрыстығымен, сондай-ақ мүмкін болатын қателіктердің мөлшерімен сипатталады.

Өлшеу дәлдігін, яғни нәтижелердің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жақындығын көрсететін олардың сапасын анықтау үшін берілген өлшеуде өлшеу құрылғысының қате жіберушілігін білу қажет.

Өлшеу құрылғысының көрсеткіштерінің өлшенетін шаманың ақиқат мәннен ауытқуы оның қате жіберушілігімен сипатталады;

Қалыпты жағдайларда өлшеу құралдарының қате жіберушілігі негізгі қате жіберушілік деп аталады; әсер етуші шамалардың бірінің қалыпты мәннен ауытқуы немесе оның қалыпты мәндер облысынан шығуы салдарынан қосымша қате жіберушілік пайда болады.

Қате жіберушіліктер абсолютті және салыстырмалы шамалар түрінде беріледі.

Өлшеуіш құралдың көрсеткіші мен өлшенетін шаманың ақиқат мәнінің арасындағы айырмашылық абсолютті қате жіберушілік болып табылады.



Абсолютті қате жіберушілік γ:

, (1)

мұндағы АН - өлшеуіш құралдың көрсеткіші;



Аg - өлшенетін шаманың нақты мәні (үлгі түріндегі құралмен өлшенген).

Абсолютті қате жіберушілік өлгенетін шаманың бірлігінде көрсетіледі, яғни аталған сан болып табылады.



Өлшейтін құрал салыстырмалы қате жіберушілікпен β сипатталады:

(2)


Каталог: uploads -> doc -> 094e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
094e -> Сабақ: 1 Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу