Сурет 1.16. – Аттестация туралы жазбаның қосылуы.
МАҢЫЗДЫ!! (*) «жұлдызшамен» белгіленген өрістер толтыруға міндетті. «KZ» және «RU» өрістері толтырылуы тиіс.
«Сыныптар» шағын бөлімінде, осы мұғалімге тағайындалған сыныптар көрсетіледі. Бұл ақпарат автоматты түрде «Сабақ кестесі» модулі, «Мұғалімдерді топ бойынша тағайындау» бөлімінен алынады.
Жазбаны өзгерту
Тізімнен қызметкерді таңдап тінтуірдің сол жақ бөлігін басыңыз.Экранда «Жалпы» қойындысында қызметкердің алдында қосылған ақпараты пайда болады (жеке кескін).
«Білім» қойындысына ауысыңыз. Ақпарат енгізу үшін «Қосу» батырмасын басу керек.
Ашылған пішінде толтыруға міндетті өрістерді қазақ және орыс тілдерінде толтыру керек. Толтырған соң «Сақтау» батырмасын басу керек. Егер сақтау барысында қателіктер пайда болса, онда толтыруға міндетті өрістердің бірі толтырылмай қалған болар.
«Тілдер» қойындысы қызметкерлерге сабақ өткізу тілдерін және оқу түрі тілін тағайындауға арналған.
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
Егер мұғалімде «Мұғалім» белгісі белгіленген болса, онда «Тілдер» қойындысын толтыру міндетті. Мұғалім тек тілді меңгеру белгісі «Еркін сөйлеймін» деп белгіленген тіл бөлімінде ғана сабақ бере алады .
Сурет 1.17. «Тілдер» қойындысында жазба қосу
Ашылған толтыру пішінінде тілді таңдап «Еркін сөйлеймін» белгісін көрсету керек.
Жазбаны сақтау үшін «Қосу» батырмасын басу керек.
Сурет 1.18. «Қызметкерлер картотекасы» модулі «Тілдер» бөлімінен толтырылған мәліметтер мысалы
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
Жоғарыдағы суретте мұғалімнің пәндерді орыс тілінде және қазақ тілінде оқыту тілі орыс және қазақ тілдері сыныптарында жүргізе алатынын, бірақ оқыту тілі ағылшын сыныптарында жүргізе алмайтынын көруге болады, өйткені онда қазақ және орыс тілдері еркін сөйлейтіні белгіленген.
Тілдер жайындағы мәліметтерді өзгерту үшін, «Тілдер» қойындысына өтіп, керекті тілдің астындағы «Өзгерту» батырмасын басып, содан кейін қажетті өзгерістерді енгізіп «Қосу» батырмасын басу керек. Сондай-ақ қате енгізілген тілдер жайындағы мәліметтерді «Өшіру» батырмасын басып өшіруге болады.
«Өрлеу» инновациялық технология орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |