Білімді мыңды жығар
Интеллектуалды ойын
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:Ахметқалиева Н.С
Күні:
Тақырыбы:Білімді мыңды жығар
Сабақтың мақсаты:
Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау,ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете алуға үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын молайту,тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ұйымшылдыққа ,еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекілігі:топ аттары жазылған қағаздар,интерактивті тақта,қима қағаздар.
Әдісі:Сұрақ-жауап,ой қозғау.
Түрі:сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс:ана-тілі,қазақ-тілі,дүниетану, математика.
Кіріспе сөз:Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі«Мәңгілік ел-бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі тақырыбында өткелі отырған 3-ші сыныптың «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат
Әрбір ісің-тірлік,тірек,адамдық
Әрбір сөзің-шындық,бірлік,адалдық-деп бүгінгі ителлектуалды сайысымызды бастаймыз.
Оқушылар түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп тұра қаламыз.
1топ«Білімділер»
2топ«Ойшылдар» әр топ мүшелері ұрандарын атап,өздерін таныстырады.
«Білімділер»тобы
Ұраны:«Білімдіге-дүние жарық,білімсіздің күні-кәріп»
Бір сыныпта оқимыз,бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз.
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
2-топ«Ойшылдар»тобы
Ұраны:«Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы»
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Кө рсетеміз бізде қандай күш барын.
Ойынережесімен таныстырып,әділқазылар алқасын сайлап аламыз.
Ойын 4 айналымнан тұрады.1-айналым «Тездет,бірақ қателеспе!»деп аталады.Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Екі топтың да жауабы тыңдалады.Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«Білімділер»тобы:
1.Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді.(иә)
2.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер:үй,киім,көлік,теледидар(жоқ,Тамақ,ауа,су,жарық,жылу)
3.Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады.(иә)
4.Судың 4 күйі бар.(жоқ.3күйі бар:қатты,сұйық,бу)
5.Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар.(иә.Солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)
6.120минутта 3 сағат бар.(жоқ 2сағат бар)
7.Қандай?қай?сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын,сапасын білдіреді.(иә)
8.9 бен төрттің көбейтіндісі 32-ге тең.(жоқ,36)
9.Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз.(иә)
10.Мәтіннің 4түрі бар.(жоқ.3түрі бар.Әңгімелеу,сипаттау, пайымдау)
«Ойшылдар»тобы
1.Зат есім қандай?қай?деген сұраққа жауап береді.(жоқ кім?не?)
2.Ұзындық өлшем бірліктері:мм,см,дм,м,км.(иә)
3.Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ,аңыз)
4.жер бетінің кішірейтілген бейнесі карта.(иә)
5.45 тің 5-тен бір бөлігі 8-ге тең.(жоқ 9-ға)
6.Үш биді ата:Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би(иә)
7.Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ.Бастауыш)
8.Адам денесінің тірегі бас.(жоқ.қаңқа)
9.Шаршы дегеніміз-барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
10.Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)
2-айналым. «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады.Бұнда әр пәннің өз ұпайы бар.Төрт пәннен сұрақ қойылады.
Дүниетану 20 30 40
Математика 20 30 40
Қазақ тілі 20 30 40
Ана тілі 20 30 40
Дүниетану.
-Еліктің төлі қалай аталады?20 ұпай.
-Қай құс жұмыртқа баспайды?Өз атын қайталай береді?30ұпай.
-Қыстап қалатын құстарды атап бер?40 ұпай
Математика.
-Кітапта 63 бет бар.Әлібек күніне 9 беттен оқиды.Ол кітапты неше күнде оқып бітіреді?20 ұпай
-9-ды 3 есе арттыр.30 ұпай.
-6-ның көбейту кестесін жатқа айт.40 ұпай.
Қазақ тілі.
-Еңбек туралы мақал-мәтел айт.20 ұпай.
-Хат сөйлеудің қай түріне жатады.30. ұпай.
-Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 40 ұпай.
Ана тілі.
-«Шегіртке мен құмырсқа» кімнің мысалы.20 ұпай.
-«Қасиетті тілімнен түңілмедім»Қай өлең? Авторы кім? Жатқа айт.30 ұпай.
-Абай Құнанбаевтың мезгілге байланысты қандай өлеңдерін білесің?Біреуін жатқа айт.40 ұпай
3-айналым «Тапқыр болсаң,талас жоқ»Шрифтограмма шешу.Дұрыс жауапқа 10-ұпайдан беріледі.
«Білімділер»тобы: пан-ба-ла
Тап-ха-на-кі
Ған-бал-дыр
«Ойшылдар» тобы:те-ма-ка-ти-ма
Ыр-шақ-қу
Ле-ди-те-дар.
4-айналым.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»деп аталады.Яғни екі топқа екі тақырып беріледі,соған орындарында тұрып әңгіме жазу.10 ұпай беріледі
.«Білімділер»тобы: «Менің мектебім»
«Ойшылдар» тобы: «Сүйікті кітәбым»
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.деп бүгінгі «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Оқу ісінің меңгерушісі Ахметқалиева Нүрзия апайға сөз кезегін береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Достарыңызбен бөлісу: |