Шеңбердің ұзындығын оның диаметрінің ұзындығына бөліңдер.
Кез келген дөңгелектің шеңберінің ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы тұрақты шама. Оны гректің π-әрпімен белгілейміз. π –саны шектеусіз ондық бөлшек.
Есептеулерде мәні алынады С/ D = π
бұдан С = π · D
егер D = 2 R
онда С = 2 π R
шеңбердің ұзындығы π саны мен шеңбердің диаметрінің көбейтіндісіне тең.
Дөңгелектің ауданы
S = π R2
Дөңгелектің ауданы оның радиусының квадраты мен π – дің көбейтіндісіне тең.
Шар
Глобус, ойын добы, ядро т.б. шар деп аталатын фигура. Шардың беті Сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзі. Қазақша «Доп» дегенді білдіреді. Шардың центрі арқылы өтіп, сфераның екі нүктесін қосатын кесінді шардың (сфераның) диаметрі деп аталады. Шардың қимасы дөңгелек болады. Сфераны жазықтықпен қиғандағы қимасы шеңбер болады. Жер шар тәріздес. Суреттерін салу: глобус, сфера, шар, доп.