Сабақ тақырыбы:
|
Жайлаудың ауасы таза.
|
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
|
Тілдесім барысында қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде жайлау туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында сөз таптарын меңгерту.
Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушылардың тілді білу деңгейін дамыту.
Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге үйрету.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ); жайлау туралы айтады, оны басқаларға таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ); жайлаудың әсем табиғатын қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ); сыныптастарымен жайлау туралы қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
|
Негізгі түсініктер:
|
Атқа міну, қонақжай, жұлдыз. Клише: Қандай керемет!
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты суреттер, альбомдар, буклеттер, смайликтер.
|
Оқыту әдістері:
|
Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау»тренигі, «Ой шақыру», ассоциограмма, синквейн, жағдаяттық тапсырма, «Бинго»дидактикалық ойыны, «Броундық қозғалыс»әдісі,эссе, сергіту жаттығуы.
|
Тапсырмалар'>Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материал, сөздік.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл күйін сипаттайтын сурет (смайлик)(күліп н/е езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткенді қайталау. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Өткен тақырыптар бойыншасұрақтарға жауап береді.
|
І.Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «жайлау» сөзіне ассоциограмма құрғызады.
|
Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.
|
ІІ.Мағынаны тану
|
1.Сөздікпен жұмыс.А)Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2.Мәтінмен жұмыс.
А)Айтылым.Жазылым.Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатамын.
|
Айтылым. Жазлым. «Ассоциация» ойынының шартын орындайды.
|
|
Ә) Жазылым.Айтылым. Оқылым.
2-тапсырма. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін М.Мұқатаевтің «Саржайлау» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
Б)Тілдесім. Оқулықтағы
3-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Өлеңді оқиды, жайлаудың табиғатын суреттейтін сөздерді теріп жазады, табиғатын ауызша сипаттайды, мәтін бойынша сөздік жасайды. Тілдесім. Досымен жайлау туралы диалог құрайды.
|
|
3.Грамматика. Сөз таптарын меңгерту.
|
Сөз таптарын меңгерту.
|
|
4.Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым. Оқылым.Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
|
Ә)Жазлым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5,9-тапсырманы орындату.
|
Жазлым. Теріп жазған сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп жазады, синквейн құрату.
|
Б)Айтылым. Оқулықтағы
6-тапсырманы орындату.
|
Айтылым. Мәтінге тақырып қою, ол тақырыпты неге таңдағанын түсіндіреді, сөздерге сұрақ қою, сұраққа қарап, қай сөз табына жататындығын айтқызу.
|
Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы
7-тапсырманы орындату.
|
Оқылым. Айтылым. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексеру, түсіндіреді.
|
|
5.Мәтінсоңы жұмыс.
А)Жазлым. Айтылым. Оқулықтағы
10-тапсырманы орындату.
|
Жазлым. Айтылым. Пейзажға қарап, табиғатты суреттеп жазады, ауызша айтады.
|
Ә)«Сыр сандығы» сөздер.
|
«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдау, есте сақтау.
|
7.Сергіту сәті. 8-тапсырма. «Бинго»ойынын ұйымдастыру.
|
Ойынның шарттарын орындайды.
|
ІІІ.Ойтолғаныс
|
«Сөздегі сөз», «Кім жылдам?» ойындарын ұйымдастырады.
|
Ойынның шарттарын орындайды.
|
IV.Бекіту
|
Оқулықтағы 10,11,12-тапсырмаларды орындатады.
|
Тапсырмалардың шартын орындайды.
|
V.Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
|
VI.Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
|
|
VII.Рефлексия
|
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.
|