Сабақтың тақырыбы: Құрлықтағы таулар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға таулар жайында, тау қыраты, үстірт, өлке, аңғар деген сөздердің ерекшеліктері мен маңыздылығы жайында білім беру.
2.Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға дүниежүзіндегі және Қазақстандағы биік тауларды кескін картаға түсірте отырып, құрылыстық ерекшеліктері жайлы білімдерін дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты: Таулардың ерекшеліктеріне тоқталу барысында басты мақсат экологиялық тәрбиеге тоқталу.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, кескін
карта, презентация.
Пән аралық байланыс: геометрия, әдебиет.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру.
Амандасу, оқу құралдарын тексеру, бір – біріне жақсы тілек айту.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Кескін карта тексеру./дүниежүзі бойынша жанартауларды
белгілеу./
2.Өткен тақырып бойынша жанартаулардың дұрыс орнын тап.
Везувий- Антрактида
Этна- Жапония
Кракаттау- Ресей
Килиманджаро Италия
Карисимбо Италия
Орисабо Оң түстік Америка
Аконкагуа Сол түстік Америка
Фудзиама Индонезия
Эльбурс Исландия
Гекла Африка
Ключи шоқысы Африка
Дұрыс жауабы:
Везувий- Италия
Этна- Италия
Кракаттау- Индонезия
Килиманджаро Африка
Карисимбо Африка
Орисабо Сол түстік Америка
Аконкагуа Оң түстік Америка
Фудзиама Жапония
Эльбурс Антрактида
Гекла Исландия
Ключи шоқысы Ресей
3.Әр оқушыға білімін тексеру үшін логикалық сұрақ:
1. Күнге ең жақын планета Плутон
2. Күн жерді айналады
3. Паралель солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр.
4. Мередиян жерді екі ендікке бөліп тұр
5. Жер өз білігінен бір жылда бірлет айналып шығады.
6. Жер сілкіну жазық жерлерде болады.
7. Жанартау магмалық әсернен болады.
8. Жер сілкіну ядроның қозғалуынан пайда болады.
9. Жердің ішкі қабаты төрт қабаттан тұрады.
10. Мсштабтың бес түрі бар.
Дұрыс жауабы:
1. Күнге ең жақын планета (Меркурий), жоқ
2. Күн жерді айналады жоқ, (Жер күнді айналады)
3. Паралель солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. ) жоқ, (Батыстан
шығысқа қарай) 4. Мередиян жерді екі ендікке бөліп тұр. жоқ, (Екі бойлыққа бөліп тұр) 5.Жер өз білігінен бір жылда бірлет айналып шығады. жоқ (24 сағ.айналады) 6. Жер сілкіну жазық жерлерде болады. жоқ, (таулы жерде) 7. Жанартау магмалық әсернен болады. (Иә)
8. Жер сілкіну ядроның қозғалуынан пайда болады. жоқ, (Мантияның
қозғалуынан). 9. Жердің ішкі қабаты төрт қабаттан тұрады. жоқ, (үш қабаттан) 10. Масштабтың бес түрі бар. жоқ, (3 түрі бар) .
3.Жаңа сабақ. Адам мен адам кездессе де,
... мен ... кездеспейді. /тау/
Яғни қандай сөз. Тау.
Бүгінгі сабағымыз «Құрлықтағы таулар».
Дәптермен жұмыс. Күнді, сабақтың тақырыбын жазу.
БЕТКЕЙІ
ЕТЕГІ
ШЫҢЫ
БАСЫ
ЖОТАСЫ /түсіндіру/.
2.Сәйкестерін тап.
Аспан таулары мағынасын Орал
білдіретін тау атауы
Әлемдегі ең биік таулар Тянь-Шань
Азия мен Еуропаны
бөліп тұрған таулар Гималай
Ең ұзын таулар жүйесі Анды
3.Таулардың пайда болуына қарай жіктелуі.
Қатпарлы тау Қатпарлы- жақпарлы
Альпі, Алтай,
Кавказ, Тянь - Шань
Кордильер
4.Таулардың жасына қарай жіктелуі.
Ескі тау Жас тау
Орал Кавказ, Памир,Гималай
5. Таулар үгілуіне қарай бөлінеді.
Физикалық Химиялық Органикалық.
6.Картамен, кескін картамен жұмыс./кескін картада тауларды қоңыр бояумен бояу/.Төмендегі тізімдегі тауларды тез белгіле.
1) Волга 6) Байкал 11) Жайық
2) Анд 7) Гималай 12) Балқаш
3) Амазонка 8) Каспий 13) Альпі
4) Кордильер 9) Тибет 14) Арал
5) Алтай 10) Тянь-шянь 15) Карпат
16) Көкшетау 17) Жерорта 18) Ертіс 4.Сабақты қорытындылау: Кім тауға тез шығады./Құрлықтағы таулардың ең биік шыңын жаз .
/таратпа қағаз/.
Еуразия
|
Африка
|
Солтүстік
Америка
|
Оңтүстік
Америка
|
Аустралия
|
Антарктика
|
|
|
|
|
|
|
5.Сабақты бекіту.
Сұраққа жауап: 1.Тау дегеніміз не?
2.Таулар неге қарай үшке бөлінеді?
3.Жер шарындағы ең биік тау?
6.Бағалау.
7. Үйге тапсырма: 59 – 61 беттер оқу, әңгімелеу. Кескін картаға Қазақстанның тауларын белгілеу.
Сабақтың тақырыбы:Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі.
Мабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға табиғи құбылыстардың көп түрлілігі туралы білім беру.
Дамытушылығы: Оқушыларға жаратылыстану ұғымдары мен заңдылықтарын, сарамандық жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттағы құбылыстарды бақылай білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, презентация, үлестірмелі карта, тест, сызба.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап/ауызша/.
Сабақ жоспары.
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру.
Ой жинақтау. /Сұрақтар./
Жанып, жарқырап тұрған газды шам? /жұлдыз/
Ең үлкен мұхит? /Тынық/.
Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен?/Ніл/
Ең үлкен материк?/Еуразия/
Ең суық мезгіл?/Қыс/
Жауын –шашын түрі /Бұршақ/
Ғаламщарлардың Күнді айналып өтетін сызығы қалай аталады./Орбита/
Топырақтың бір түрі. /қатты/
Ауа райының режимі. /Климат/
Судың күйі. /Сұйық/
Жер шарының кішірейтілген үлгісі./глобус/
Табиғатты оқып үйрену әдісі./Бақылау/
Сергіту сәті. / құлақпен жаттығу түрін көрсету./
II.Үй тапсырмасын тексеру.
А) Үлестірмелі карта.
Ә) Шағын тест.
Б) Тізбектеле үй тапсырмаын айту.
Балалар сендер күнделікті өмірде табиғаттағы құбылыстардың әртүрлі болатынын көріп жүрсіңдер.Жерде – табиғаттағы құбылыс болмаса тіршілік болмаған болар еді.
III. Жаңа сабаққа дайындық.
Миға шабуыл:
Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
Көктемде өсімдіктердің, жануарлардың өмірінде қандай биологиялық құбылыстар ьолады?
Жаңа сабақ.
1 слайд.Дәптермен жұмыс./дәптерге күнді, сабақтың тақырыбын жазу 2слайд.Сызбамен жұмыс
Жылу бөлу
биологиялық
Жарық шығару
дыбыстық
метеорологиялық
химиялық
Электро-магниттік
Құбыластарға слайд арқылы жеке – жеке тоқталып түсіндремін.
3 слайд. Күннің және жұлдыздың сәуле шашуы, от, шам, лампа жанып тұрса өзінен жылу шашады – жылу құбылысы.
4 слайд. Кейбір жануарлардың, құстардың түнде жарық шығаруы - жарық шығару құбылысы.
5 слайд. Құстардың сайрауы, аңдардың ырылдауы, судың сылдырап ағуы, күннің күркіреуі – дыбыстық құбылыс.
6слайд. Теледидардың қосылуы, шайнектің қайнауы, тағы басқа – электро – магниттік құбылыс.
7 слайд. Бір заттың екінші заттқа түрленуі /мұнай, газ, көмір, бор/ - химиялық құбылыс.
8 слайд. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі, таралуы – биологиялық құбылыс.
9 слайд. Жауын – шашынның түсуі, желдің соғуы, температураның өзгеруі, ауаның қысымы – метеоорологиялық құбылыс.
IV. 10 слайд. Сабақты бекіту.
«Кім жылдам», «Құбылыстар» сөзіндегі әріптерді қолданып, сөздер құрау, мақал – мәтел айту./құрастырған сөздерді пайдалану/
Мысалы: 1. Аяқ киімің тар болса – дүниенің кеңдігінен не пайда.
2.Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
3.Ырыс алды береке.
4.Қас пен көздің арасы.
5.Ұста етікке жарымас.
Шағын тест./Оқушыларға жеке – жеке беремін./
Дене неден тұрады?
А) заттан
Ә) құбылыстардан
Б) әр түрлі денелерден
2) Табиғаттағы құбылыс
А) жанартаудың атқылауы
Ә) жылдық маусымдардың өзгеруі
Б) күннің шығуы
3) Жер мен Күнніңорташа ара қашақтығы.
А) 100 млн. Км
Ә) 150 млн. Км
Б) 195 млн.км
4) Жердің серігі.
А) Күн
Ә) Ай
Б) Шолпан
5) Жердің су қабығы.
А) литосфера
Ә) гидросфера
Б) атмосфера
6) Күн энергиясының арқасында өсімдіктер атмосфераны немен толықтырады.
А) оттегімен
Ә) көмірқышқыл газымен
Б) ағаштың түрлерімен.
7. Қазіргі кезде астрономдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар
бар?
А) 88
Ә) 105
Б) 63
Табиғат құбылыстарына қарай отырып адамдар бағыт – бағдарды қалай анықтайды?
V. Қорытынды.
11 слайд. Кестемен жұмыс. /БҮҮ кестесі/
/Білгенім, Үйренгенім. Үйренгім келеді/
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма: Қоршаған ортаның температурасы адамға қалай әсер етеді? /эссе/
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның отын – энергетика кешені, кен орындары.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның отын – энергетика кешені,
кен орындары туралы білім беру.
2.Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетінше ізденімпаз шығармашылық
тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты,
нақты жеткізу қаблеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік: Жан –жақтылыққа, ізденімпаздылыққа баулу, тыңдау,
сөйлеу мәдениеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның отын – энергетика кешені картасы,
атлас.кескін карта, презентация, кесте, сызба.
Сабақтың әдісі: Жаңа білім беру, сұрақ – жауап, сызбамен, кестемен жұмыс.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу, /топқа бөлу, бір – біріне тілек тілеу/,
оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
А) кескін картаны тексеру.
Ә) тест тексеру./топтар бірін- бірі тексереді/.
Б) үлестірмелі карта/сұрақ –жауап/.
В) екі топ өткен тақырып бойынша сұраққа жауап беру арқылы өз білімдерін тексере отырып, бағалайды.
III.Жаңа сабақ.
1.Әңгіме дәріс.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоя отырып, әңгімелесуден бастаймын.
Сұрақ. Еліміздегі салааралық кешендердің қайсысы жетекші рөл атқаратынын есімізге түсірейік.Оның негізгі міндеті қандай?/ Екі топтың оқушылары өз ойларын ортаға салып,пікір алысады/.
2.Тірек сызбамен жұмыс.
Оқулықтың 150 бетіндегі, 70 суреттегі сызбанұсқа арқылы оқушыларға отын – энергетика кешенінің құрамын түсіндіру.
Отын –энергетикалық кешені
Отын өнеркәсібінің салалары
Мұнай, газ құбыры
Электр қуаты
Мұнай,өңдеу
Газ жылу электр стансалары/ЖЭС/
Көмір су электр стансалары /СЭС/
атом электр стансалары/АЭС/
3.Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Қазақстанның отын өнеркәсібін түсіндіру.
Отын өнеркәсіп
салалары
|
Кен орындары
|
Алынатын өнімдер
|
Мұнай
|
Доссор, Мақат, Ембі, Қашаған, Құрманғазы, Ақтоқты, Қайраң, Қаламқас, Қаражамбас, Құмкөл.
|
Бензин, дизель майы, керосин, химиялық өнімдер, мазут, гудрон.
|
Газ
|
Теңге, Үстірт, Қарашығанақ, Имаш, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен, Амангелді.
|
Мұнайды өңдеу барысында пайда болған газ қалдықтарынан синтетикалық талшық, каучук, спирт тағы басқа заттар алынады.
|
Көмір
|
Қарағанды, Екібастұз, Обаған, т.б.
|
Көмір
|
4.Атлас және кескін картамен жұмыс./Кестедегі кен орындарды атластан тауып, кескін картаға белгілеу./
5.Оқулықпен жұмыс. / Джигсо әдісін қолдану, Екі топ «Қарағанды және Екібастұз көмір алабын топта оқып, талдап,келесі топқа түсіндіреді»./
IV.Сабақты бекіту. 156 беттегі 2,3 тапсырманы өз жауаптарымен дәлелдейді.
V.Қорытынды. оқулық пен дәптермен жұмыс.
Тақырыптың соңындағы шағын тесті оқушылар өздері жеке – жеке орындайды.
VI. Бағалау.
VII.Үйге: Отын – энергетика кешенінің негізгі ерекшеліктері тақырыбына шағын эссе жазу.
Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы,
Ерназар ауылы,
«Сосновка орта мектебі»КММ
География пәнінің мұғалімі
Гульниса Байтурсыновна Какимжанова
Достарыңызбен бөлісу: |