www.testent.ru
Функциялар
Функция тақырыбы мектеп курсындағы негізгі, күрделі тақырыптардың бірі болғандықтан ҰБТ-те жиі кездеседі. 11сынып оқушыларының тестке әзірліктерін пысықтау үшін бұл тақырыптың маңызы зор.
Білімділік мақсаты:Мектеп курсы бойынша оқылған функциялар тақырыбынан алған білімдерін қайталап, бір жүйеге келтіру,білімдерін тексеру.
Тәрбиелілік мақсаты:Оқушылардың өз беттерімен білім алу дағдыларын дамыту, өз қабілеттеріне деген сенімділіктерін жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: графопроектор, интерактивтік тақта, жетондар, слайдтар.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: СТО, тест, деңгейлік тапсырмалар.
Білерсің қанша білсең,тағы тіле,
Жетерсің мақсатына біле,біле.
Ж.Баласағұн.
Сабақтың бөлімдері: 1. Қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны тану.
3. Толғаныс.
Пифагор аялдамасы.
Пифагордың қысқаша өмірбаяны айтылады.
Бұл аялдамада бірнеше сұрақтарға жауап береміз.
1.Функцияның анықтамасын айт.
2.Функцияның анықталу облысының анықтамасын айт.
3.Функцияның мәндерінің облысының анықтамасын айт.
4.Тәуелді айнымалы дегеніміз не?
5.Тәуелсіз айнымалы дегеніміз не?
6.Тақ функцияның графигі?
7.Жұп функцияның графигі?
8.Функцияның қандай түрлерін білесіңдер?
Графиктер сөйлейді:Бұл бөлімде графопроектор арқылы бірнеше
функциялардың графиктері көрсетіледі, оқушылар қай функцияның графигі екенін табады және әр функцияның анықталу облысы мен мәндерінің облыстарын айтады.
Осы функцияларға байланысты бірнеше теңдеулер құрастырады.
Ньютон аялдамасы.Ньютон суреті көрсетіледі.Бір оқушы қысқаша өмірбаянын айтады.
Тест.
Х 135 функцияның графигі қай ширектерде жатады?
Функцияның анықталу облысын тап: f (х)= log 4 (4 – 5 х)
3.Функцияның анықталу облысын тап: f (х)= log ¼ (3х+4)
4. Теңсіздікті шеш: (3/7) х2 > (3/7) 2х+3
5. Теңсіздікті шеш: log2 (х-3) ≤ 3
6. у = х+5 / х2 – 16
х– тің қандай мәнде бұл функцияның мағынасы болмайды.
7. Теңдеуді шеш. Log3 (2х +1) = 2
8. Теңдеуді шеш. (1/3)х =81
9. Теңдеуді шеш. Log4 (2х-6) = 2
10. 3 Log2 Log416 өрнегінің мәнін тап.
Тест жауаптары.
І және ІІ ширектерде жатады.
х <0,8
х >-4/3
(-1;3)
(3;∞)
х = -4; х =4
х =3
х =-4
х =11
3
Лейбниц аялдамасы. Суреті көрсетіледі және қысқаша өмірбаяны айтылады.
Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгейі В деңгейі С деңгейі
1. Теңсіздікті шеш. Sinх ≥ ½
|
1.Теңсіздікті шеш. 2Sinх + √2≥ 0
|
1. Функцияның анықталу облысын тап: у = √2cosх – 1
|
2.Теңдеуді шеш.
х3 – 4х=0
|
2.Теңдеуді шеш.
Sinх -√3cosх=0
|
2. √2х+5=х+1 теңдеуінің түбірлерін табыңдар.
|
А деңгейі
1. π/6 + πn ≤ x ≤ 5π/6 + πn nЄz
2. х =0; х =2; х =-2
В деңгейі
1. –π/4 + πn < х ≤ 5π/4 + πn nЄz
2. х =π/3 + πn
С деңгейі
1. - π/3 + 2πn≤ х ≤ π/3+ 2πn nЄz
2. х=2
Сабақты қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |