Білімгердің өзіндік жұмысы 1-тапсырма Кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні, қажеттілігі



бет1/4
Дата22.04.2023
өлшемі56,63 Kb.
#175156
  1   2   3   4
Байланысты:
Ä?ð³ñ ¹11 Î?óøûëàðìåí æ?ðã³ç³ëåò³í ê?ñ³ïò³ê áà?äàð áåðó æ?ìûñòàð


Білімгердің өзіндік жұмысы
1-тапсырма
Кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні, қажеттілігі
Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік адаптация – бұл әртүрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделу жүйесі. Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру. Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
1. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәнді сипаттамасы. Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау – қиын педагогикалық мәселелердің бірі. К.Маркс «Белгілі бір мамандықта біздің қабілетімізге қатысты шатасу – өзіне өшпенділік туғызатын қателік» - деп жазды. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, отбасы, жұртшылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Мұғалім оқушыларға терең білімді береді, оны кәсіптік бағдар беру жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата – аналарға көмек көрсетеді. Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге) кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік ақпарат, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу.
1. Кәсіптік ақпарат. Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.
2. Кәсіптік ақыл-кеңес. Негізгі мақсаты — балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі
4. Кәсіптік іріктеу. Оқушының мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.
5. Кәсіптік бейімделу. Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз — мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мәні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңа араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу– тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік консультация беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру. т.б. Еңбек пәнінің мұғалімі-еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Ол оқушыларды еңбектің әр түрімен таныстырады. Еңбек сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау; екіншіден әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық- педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау. Мектеп директоры мектептің барлық жұмысына жауап береді. Ол кәсіптік бағдар беру және кітапхана жұмысына басшылық жасап, көмектеседі. Жұмысты осылай ұйымдастыру жүйесі оқушылардың ынтасын көтереді, олардың әр түрлі іс-әрекеттеріне қабілетін дамытады, мамандықты саналылықпен таңдауға бағыттайды. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда әр түрлі ғылыми-әйгілі библиографиялық әдебиеттер білімін байытады, ой-өрісін кеңейтеді. Кәсіптік бағдар беру жұмысына әрбір ата - ана балаларына өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Мамандықты игеру үшін білімнің қажеттігін балаларына айтуы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекеттеріне балалардың ынтасын көтереді. Отбасында әр түрлі мамандыққа байланысты кинофильмдерді, теледидарды көру де балалардың кәсіби ынтасын дамытады, оларды ойландырады. Отбасы кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Алайда, бұл жұмысты шүбәсіз ұйымдастыру үшін отбасының ең басты одақтасы- мектеп. Ол отбасыға үнемі көмектесіп, басшылық жасап отырады. Сондықтан кәсіптік бағдар беру тиімділігін арттыру отбасының, мектептің бірауыздығына және олардың оқушыларға қоятын талаптарының бірыңғайлығына байланысты. Е.А.Климов мамандық таңдауды сегіз бұрыш қабырғаларына немесе бұрышына сәйкес келетін сегіз жағын ұсынады. Әрбір қабырға оқушыға өзін-өзі анықтауға көмектесе алады.
1. Жеке кәсіби жоспарлар (ЖКЖ). Мұнда оқушы таңдаған мамандық жөнінде. 2. Е.А. Климов ұсынғандай, кәсіби таңдауда ата - аналардың пікірі, яғни үлкендердің ұстанған бағыты (ҮБ). Ата - аналар өздерінің балаларын жақсы біледі, сондықтан олардың пікірі де ескерілуі тиіс. Алайда кей жағдайда ата - аналардың пікіріне де сыни көзқараспен қарау керек.
3. Мұғалімдердің пікірі (МП). Кәсіби мұғалім білікті кеңес беруі мүмкін. Өйткені ол оқушыға, оның іс-әрекетіне және өз құрбыларымен жасаған қарым-қатынасына бақылау жасайды.
4. Жасөспірімдерде өзі таңдаған мамандық туралы ақпараттың болуы. Мұнда оқушы өзі таңдаған мамандық пен еңбек шарттары жөнінде қаншалықты білетіні жөнінде.
5. Оқушылардың бейімділігі (ОБ). Ол ең бірінші мамандықтар әлемінде оқушылар бағдарлама алу үшін көмек көрсету мақсатында айқындалады. Ұнатып отырған іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтары жөнінде болған әңгіме ғана қызықты өтеді.
6. Оқушылардың қабілеттілігі.(ОҚ). Олар болашақ кәсіби іс-әрекеттің табыстылығының алғы шарттары ретінде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
7. Талаптану деңгейі(ТД). Бұл оқушының мүмкіндіктері мен талабының сәйкестігі. Оқушының білімінің, интеллектуалдық дамуының және қабілеттерінің деңгейі таңдалған мамандықтың қиындығына сәйкес болу керек. Талаптану деңгейі жоғары да төмен де болуы мүмкін.
8. Мамандық таңдаудағы жолдастарының пікірі (ЖП). Бұның екі жағы бар. Біріншіден, тұлғаның белгілі бір жақтары мен қабілеттерін дамыту жөніндегі баланың құрбысының пікірі жеке оқушының мамандығын таңдауда ескерілуі мүмкін. Екіншіден, бір-бірінен бөлінгілері келмей қандай да бір оқуға «компаниямен» түсу мақсатын қою сияқты қателіктер жіберілмеуі керек. Кәсіби бағдарлану технологиясын құру оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарын терең зерделеумен қатар жүретін педагогика ғылымы мен тәжірибесіндегі заңды құбылыс екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет