Online Mektep сервисі жеке дара және бейімделгіш оқытуға арналған экожүйе ретінде жасалған. Мұғалімдер сабақтың мазмұнын немесе электронды оқыту қызметін пайдалана алады.
Электронды оқыту - бұл ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен білім беру және оқу процесін басқару. Оқу материалдары интернетке шығарылады, мұғалім мен оқушылар оларға онлайн режимде қол жеткізе алады - электронды оқыту режимінде білім беру деген осы.
OnlineMektep сервисі оқушылармен тікелей эфирде, нақты уақыт режимінде (синхронды оқыту) және белгілі бір уақыт ішінде (асинхронды оқыту) хабарласуға мүмкіндік береді. Ол үшін бейнеконференция модулі (стриминг) мен чат (мәтіндік хабар алмасу), нақты уақыттағы үлгерім мониторингі және жедел кері байланыс беру функциялары жұмыс істейді. Сондықтан мектептер Коронавирустық пандемия немесе ауа-райы қолайсыз болып, балалардың үйлерінен оқуға мәжбүр болған кездерде қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін Online Mektep сервисін қолдана алады.
Қалыпты күндері электронды оқыту әдісі шәкірттің мұғаліммен тікелей, мектеп қабырғасындағы көзбе-көз байланысымен үйлесімді формада жүре береді. Бұл тәсіл әдетте аралас оқыту деп аталады.
Егер қолда бар оқыту материалы немесе тапсырмалар жеткіліксіз болса, онда мұғалімнің OnlineMektep конструкторында өз тапсырмаларын құрастыруға мүмкіндігі бар. Оқыту материалы барлық қол жетімді форматтарда: PowerPoint, Word, Excel, PDF, PNG түрінде немесе сілтеме ретінде жүктелуі керек.