Білімнің берудің мазмұны туралы ұғым


Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері



бет31/35
Дата04.06.2020
өлшемі42,17 Kb.
#72367
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
педагогика шпор

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өте күрделі және көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, нәтижесін болжау;• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;• Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына

және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау; Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік мақсаты.Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет