Сабақ мақсаттары Шығармашылықпен және сыни ойлау арқылы тапсырманың өзгеше ерекшеліктерін анықтау



бет1/3
Дата23.05.2017
өлшемі1.26 Mb.
түріСабақ
  1   2   3
Т.У. Ускембаева

Алматы каласы, ФМБ НЗМ

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Доппен ойналатын ойындар




Бөлім-6. Командалық ойындардағы бірлесе оқу







Сынып: 7






Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.1. Тапсырмаларды орындауда олардың жеке өзгешеліктерін және әр-түрлі рөлдердің ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Шығармашылықпен және сыни ойлау арқылы тапсырманың өзгеше ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырманы орындау арқылы физикалық қасиеттерді жетілдіру.



Бағалау критерийлері

1. Ойын тапсырмаларының орындалу өзгешеліктері мен ерекшеліктерін түсіндіреді.

2. Доппен ойналатын ойындар тапсырмаларын орындауда түрлі қиындықтарды жеңеді және қауіпсіздік шараларын сақтайды.

3. Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларда бір-біріне,топқа, өз-өзіне әділ баға бере алады және топпен жұмыс жасайды. Кері байланыс жүргізеді.


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Жүгіру бағыты, жүгіру қарқыны, кеңістік, динамика, координация

Жазу үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:

Дриблинг, допты қабылдау, доптың ұшу бағыты, еркін қозғалыс



Диалог арқылы сыни тұрғыда ойларын түйіндеу және сөз қорын дамыту:

  • Спорттық ойындарының қандай түрлерін білесіздер?

  • Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

  • Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелері қажет?

  • Бағалау кезінде бұрмалаушылық немесе әділетсіздік орын алды ма?

Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігін сезіну. Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу.

Пәнаралық байланыстар

Кеңістікті қауіпсіз пайдалану, жылдамдық қарқынын өзгерту туралы физикамен , дене бұлшық еттердің дамуы және жүрек соғысының өзгерісі туралы биология, анатомия пәндерімен байланыстырып, сабақтастыру

АКТ қолдану дағдылары

Интернет арқылы доппен ойналатын ойындар туралы теориялық мағлұмат алады

Бастапқы білім

Жаттығу кезінде спорттық құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану арқылы дене қимыл-қозғалыс икемділігін жетілдіреді және қалыптастырушы бағалаудың тәсілдерін, стратегиясын үйренеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы

30 минут.



1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийін түсіндіріп, мәлімдеу . Оқушылардың қалауы бойынша топқа бөлу.

2Ойында көрін» әдісімен ынталандыру, сергіту ойыны.



Фитбол добымен суреттегідей екі оқушы арқамен бірін-бірі итере жүріп допты түсірмей сызықтан шығаруға тырысады. Сызықтан шыққан оқушы жеңіледі.



3. Арнаулы дене қыздыруға арналған жүгіру, секіру жаттығулары: әрбір жаттығу түрі залдың жарты айналымына дейін немесе залдың жарты бөлігінде бір бағытта бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін орындалады

А) Баяу жүгіру;

Б) екі қолды алға, артқа айналдыра жүріп, оң және сол қапталмен адымдай секіре жүгіру;

В) тізені бүкпей, аяқ басымен алға серпіле жүгіру;

Г) тізені артқа бүгіп, өкшені артқа сермей алақанға тигізе жүгіру;

Д) оң және сол қапталмен аяқты қиғаштай қойып жүгіру;

Е) гимнастикалық орындықтан қос аяқпен, оң және сол аяқпен секіре қозғалу;

Ж) екі адамнан біріге екпін алып, шапшаң қарқынмен жүгіру;



З) баяу жүріп өтіп, тыныс алу жүйесін қалпына келтіру.
2.1. Иілгіштікті дамытуға арналған арнайы созылу жаттығуларын орындаңыздар. Әр жаттығу 6-7 рет қайталанады.

2.2. Гимнастикалық орындықтан орындалатын топтық жалпы дамыту жаттығуларын орындаңыздар, мысалы:

1.А – тобы: жаттығуды гимнастикалық орындықта отырып , қолды кеуде алдына ұстап арқамен артқа шалқайып, кеудені бастапқы қалыпқа келтіреді. Б- тобы А-тобына жаттығу кезінде аяғын ұстауға көмек береді.Жаттығу 15 рет қайталанады.Жаттығуды орындап болған соң, А-тобы мен Б- тобы орындарымен ауысады.
2.3. Секіру машығын дамыту үшін «Өзіңді сына» әдісімен төмендегі жаттығуды орындаңыздар:

Бастапқы қалып- жартылай отыру, серпіле көтеріліп, қолды жоғары көтере жоғары созыла секіру. Жаттығу 7-8рет қайталанады.





Жалпы дамыту жаттығуларының соңында «Бас бармақ» әдісімен топтық баға беру.

Бәрі орындалды- бас бармақ;

Жартылай орындалды- бас бармақты жанына қисайту;

Орындалмады - бармақты төмен түсіру.


Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік

Фитбол доптары

https://www.youtube.com/watch?v=FzvOVL9sSt0

Гимнастикалық жеңіл төсеніштер

https://www.youtube.com/watch?v=rNjMmqYv6vs

Гимнастикалық орындықтар




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет