Жұмыс уақыты – 20 минут Есеп



Дата05.04.2022
өлшемі20,03 Kb.
#137976
Байланысты:
8 сынып олимпиада тапсырмалары физика
теория, оқушы мұғалім қарым-қатынасын анықтау, Сем.жұмыс

8 сынып олимпиада тапсырмалары


Жұмыс уақыты – 120 минут
1 Есеп
Ұзындығы 200м жаунгерлер легі (Колонна) жорықта жол бойымен 3,6 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Соңында жүруші офицер хабар тасушыны қысқа хат пен легі алдындағы командирге жібереді. Жауынгер 7м/с жылдамдықпен жүгіріп, тапсырманы орындап болған соң соңында жүрушіге сол жылдамдықпен қайта оралады. Тапсырманы алғаннан соң қай уақыт ішінде жауынгер қайта оралды?
(8 ұпай)
2 Есеп
20 С температурада суы бар ыдысқа температурасы 8 С, 100 г мұз салынды. Ыдыста қандай температура орнайды? Суы бар ыдыстың жылу сыйымдылығы 1.67 кДж/К. Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 Дж/кгС, мұз еруінің меншікті жылуы 3.4 Дж/кг
(5 ұпай)
3 Есеп
Калориметр ішінде t1=22˚C бөлме температурада m1=100 г суға массасы m2=50 г , t2=100˚C қа дейін қыздырылған мыс кесегін және массасы m3=70 г , t3=90˚C қа дейін қыздырылған темір кесегін салады. Температурасы орнықтылған соң калориметрдегі температурасын табыңдар. Судың меншікті жылу сыйымдылығы cв=4,18 Дж/г К; мыстың меншікті жылу сыйымдылығы см=0,39 Дж/г К; темірдің меншікті жылу сыйымдылығы сж=0,46 Дж/г К.
(6 ұпай)

7 сынып олимпиада тапсырмалары



Жұмысуақыты – 120 минут
1 Есеп
Турист жүрілген жолдың үштен бір бөлігін, бірқалыпты қозғалып 1 сағат ішінде өтті. Сонан соң шаршап екінші үштен бір бөлігін де бірқалыпты қозғалып 2 сағат жүрді. Үшінші жол бөлігінде одан гөрі шаршап оны да бірқалыпты қозғалып үш сағат бойы жүріп өтті. Бірінші жол бөлігіндегі орташа жылдамдығы екінші жол бөлігіндегі жылдамдығынан неше есе артық?
8 ұпай
2 Есеп
Қола (бронза) жасауүшін мыс пен қалайының қорытпасын алады. Егер қорытпаны жасау үшін металдардың басында бірдей көлемдерін араластырса, ал сонан соң бірдей салмакпен алса, қорыптаның тығыздығы неге тең болады. Мыс тығыздығы 8930 кг/куб.м., қалайы–7280 кг/куб.м. Қорытпа көлемі металдар көлемдерінің қосындысына тең.
7 ұпай


3 Есеп
Массасы 1800кг ғарыштық кеменің жерге қонушы аппарат тежеуші парашюттардың ашылуынан соң бірқалыпты қозғалады. Егер еркін түсу үдеуін 10 тең деп алса, ауаның кедергі күші неге тең болады.
Жауапты негіздеу қажет.
4 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет