Міндеттері: 1) балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру;
2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту;
3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар I Кіріспе бөлім II. Негізі бөлім 1. Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің түрлері.
2. Компьютерлік ойындардың негізгі мәселелерін, салдары мен мүмкіндіктерін талқылау.
3. Интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
III. Қорытынды. Ұсыныстар
Күтілетін нәтижелер: – Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне ата-аналардың қызығушылығы артады.
– Ата-аналардың интернетті жауапкершілікпен, әдепті түрде және қауіпсіз пайдалану мәдениеті қалыптасады.
– Топта әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Ресурстар: презентациялар, бейнежазбалар, бағандар, маркерлер, A3 және A4 парақтары, қаламдар.