19-бап. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 1. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
2. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзеу оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі.
3. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылады.