9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері 1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі – республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.
2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:
1) тиімділік пен нәтижелілік;
2) басымдық;
3) айқындылық;
4) жауаптылық;
5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.
3. Білім беру жүйесін қаржыландыру көздері:
1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;
4) екінші деңгейдегі банктер кредиттері;
5) демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.