Білімтуралы қ ұ жатта р


-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы



бет2/58
Дата08.02.2022
өлшемі366,5 Kb.
#119019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Білім туралы заң

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республика-сының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратифика­циялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет