56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.