Бимаканова зылыйха шахметовна



бет1/15
Дата21.09.2022
өлшемі138,14 Kb.
#150174
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы


М .ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


БИМАКАНОВА ЗЫЛЫЙХА ШАХМЕТОВНА


«ФИЛОСОФИЯ»


ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Петропавл. 2020 ж.


«Философия» пәні бойынша дәрістер курсы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедра мәжілісінде бекітілген

«27» 05 2020 ж. № 10 хаттама


Кафедра меңгерушісі Абуов Н.А.


ДӘРІСТЕР КУРСЫ
(тезистер)
ДС. Тақырып 1.1: Пәнге кіріспе.Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
1.Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттары және философиялық пайымдау тәсілдері.
2.Философияның негізгі бөлімдері.
3.Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі.
4. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер.
5.Ойлау мәдениеті, философиялық ойлау түрі.


Дәріс сабақтарын жүргізудің мақсаты:
Дәріс барлық оқу үдерісінің толықтай көрінісі және өзекті мәселелерді алу үшін ең керекті әдіс болып табылады. МОСҚ бакалавриаттағы дәріс сабақтарының қысқаруына байланысты дәрстің қысқа әрі нұсқа мазмұнына, ең керекті жерлеріне назар аудару керек. Контактік дәріс сағаттары қиын әрі маңызды ғылыми сұрақтарға арналуы тиіс. Осы сұрақтардың терең қарастырылып, олардан кішкене жеңілдірек сұрақтары ОСӨЖ-дәріс сабақтарына шығарылады.
Дәріс анықтамалық түрде СӨЖ-ге әсер етеді. Оқытушының пәнді жақсы түсіндіргені соншалық, студенттің өзі де осы материалдарға қосымша ізденіс жұмысын жүргізу керек. Дәріс барысында дәрістің түрлі инновациялық мысалдарын жүелі түрде пайдалану керек, мысалы: ахуалды дәріс, бейнарлы дәріс, диалогтық дәріс, интерактивті дәрістерді қолдынылымы мен өтетін дәріс, веб конференция.
Дәрістік материалды презентациясын пйдалану үшін визуалды еске әсер ету барысында ұсынылған материалды көз алдына елестету үшін мультимедиялық құралды пайдалану керек.

Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады.Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниегекөзқарас) адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниетанымды құратын рухани құбылысқа философия да кіреді. Дүниегекөзқарас (Дүниетаным) - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-мүдденің, үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниегекезқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.Сонымен, дүниетаным дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез-қүлқы мен іс-әрекетгері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен. Дүниетанымның өзегі білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелділігі мен жүйелілігіне қарай ол күнделікті-практикалық және теориялық болып бөлінеді.Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен рөл атқарып келеді. Кейде "өмір философиясы" деп аталатын бұл дүниегекөзқарас стихиялы түрде қалыптасады және қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл-ой байлығын жинақтайды. Күнделікті-практикалық дүниегекөзқарас біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі, ақыл-ойы мен рухани мәдениегі, үлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі. Оның құрамында сананың аса қарапайым, түрпайы, тоғышар формаларынан бастап, ғалымдардың, өнер иелері мен саяси қайраткерлердің т.б. озат ой-пікірлері болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пікірлер де жоқ емес.
Тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қалыптасатындыктан, олардың мазмұны терең ойластырылған, жан-жақты талданған және дәлелденген болмайды.Дүниетанымның теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп дәлелденген болып табылады. Философия көзқарастың осындай деңгейіне жатады. Дүниетанымның барлық басқа формалары мен типтеріне қарағанда, философиялық көзқарастар системасы теориялық, жағынан негізделген, мазмұны да, шындық жайында жинақталған білімдерді қорыту әдіс-тәсілдері де әбден тексеруден өткен болады. Осы тұрғыдан алғанда дүниегекөзқарас ұғымы философиялық көзқарасқа қарағанда әлдеқайда кең көлемді болады, өйткені ол сансыз көп құбылыстарды қамтиды, ал философиялық көзқарас жалпы теориялық білімдерді ғана бейнелендіреді. Бұл екеуінің арақатынасын формальды логика әдісін қолдана отырып, былай түсіндіруге болады: кіші шеңбер (философия) көлемі кең шеңбердің (дүниетанымның) ішіне еніп тұрады.
"Бүкіл философияның негізі мәселесі - ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе" - деп атап көрсетті Ф.Энгельс.Философияның негізгі мәселесінің мәні шындықтың екі негізгі типінің - объективтік, материалдық және субъективтік, идеялық жақтары бар екенін және олардың қайсысы алғашқы, қайсысы кейінгі екенін мойындауда: материя санадан бұрын пайда болған ба, әлде сана материядан бұрын пайда болған ба? - деген сұраққа жауап беруде. Философиялық көзқарастың өзі де осы сұраққа жауап іздеудің барысында пайда болды. Сананың материяға қатынасы қандай деген сұраққа жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді,- деп жазды Ф.Энгельс. Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп, дүниенің жаратылуын мойындағандары идеалистік лагерьді құрды. Ал енді табиғат негізгі бастама деп есептегендер материализмнің түрлі мектептеріне қосылды. Материализмнің ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі философиялық мәселені қоюына, шешуіне қарай түрліше жеке тармақтар пайда болады. Мәселен, Гегель алғашқы бастама деп адамнан тыс ойлауды ("абсолюттік идеяны") түсінсе, Дж.Беркли дүниеде бардың бәрінің негізі түйсік деп санайды.Көптеген марксизмге дейінгі және марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп есептейді. Ф.Бэкон үшін, мәселен, табиғаттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мәселесі болып табылса, XX ғ. Француз философы А.Камю үшін ол негізгі мәселе — өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? -деген мәселе болды. Осы күнгі философтардың кейбіреулері философияның негізгі мәселесі деген мүлдде жоқ, ол ойдан шығарылған жалған мәселе деп есептейді. Олар "руханилық" пен "материалдық" деп шек қоюдың өзі де тек шартты дейді. Мысалы, ағылшын философы Б.Расселдің түсінігінше, "материя" және "рух" деген сөздермен аталатын нәрселердің бар екені шүбәлі, өйткені олар "сезімдік фактілерден" шығатын логикалық құрылымдар ғана. Енді бір философтар философияның негізгі мөселесі -адам, адам өмірінің проблемалары (шешілмеген мәселелері) деп дәлелдемек болды. «Философия» сөзі грек тілінен аударғанда «даналықты сүю» дегенді білдіреді.Философия пәні: Дүние және Адам. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігі, оның болмысты тұтастық және мағыналық жағынан сараптауға бағытталуы, яғни табиғат, қоғам, адам мен әлемнің дамуы мен өмір сүруінің негізгі заңдылықтарын тұтастықта қарастырады. Философиялық танымның ғылыми таныммен көп ұқсастықтары бар (пәні, әдістері, логикалық- ұғымдық апараты), бірақ ол таза ғылыми білімге жатпайды. Философияның барлық ғылыми білімдерден айырмашылығы, философия бүкіл адамзат тарихында жиналған білімдерді барынша жалпылап қарастыратын теориялық дүниетаным. Философия пәні ғылым зерттеу пәнінен әлде қайда кең мәселелерді қарастырады, философия басқа ғылымдарды интеграциялайды, бірақ оларды өз ішінде жоғалтып жібермейді. Философия күрделі құрылымы бар ( онтология, гносеология, логика және т.б.), жалпыланған теориялық сипаттағы, басқа ғылымдардың негізінде жатқан фундаменталды идеяларға ие жүйе. Сонымен бірге философиялық білім субъективті – жеке философтардың тұлғалық және дүниетанымдық сипатына ие және өз заманының объективті білімдері мен құндылықтарының, рухани идеалдарының жиынтығы, сол дәуірдің ықпалымен қалыптасады. Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы - оның рационалдығында ( - латын сөзі, ақыл-ой). Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің категориялық ( - грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім-тэжірибесіне негізделген жүйесін қалыптастырады.Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды жэне мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана Дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді ( - латын сөзі, зат).Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты, ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ философиялық деректердің айырмашылығы - ол жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір теоретикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қорытады, эсіресе бұл философияның онтология жэне гносеология (эпистемология) салаларына тән нәрсе ( - грек сөзі, болу, өмір сүру), ( - грек сөзі, білім, таным).Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан алуан теоретикалық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады.Философия статусы ( -латын сөзі, мэртебе) жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім ( : - ағылшын сөзі, өнер).Мысалы, А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері - оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», - деген пікір айтқан болатын.Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп үқсас жақтарын ашуымызға болады.Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген түлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп түрады.Мысалы, діни философия - орта ғасырларда, маркстік философия - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысында, экзистенциализм - XX ғасырдың 60-70 жылдарында т.с.с. И.Фихтенің айтқанындай, философиялық жүйені таңдау -адамның өзінің кім екеніне байланысты, өйткені философиялық жүйе соны жасаған адамның жан дүниесі арқылы жанданған. Бүл жағынан алып қарағанда, философия көркемөнерге үқсас.Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі үлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан дүниесін үлылық, қүлаштап жетпес биіктік, эсемдік, гармониялық сезім билейді ( - грек сөзі, үйлесімді, қарама-қарсылықтың бірлігі).Философияны өнерге жақындататын келесі мэселе - Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке жэне сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау - философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртүтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну үмтылысы ешқашанда бітпес іңкэр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нэрсе - тарихтағы үлы түлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтің романдарында Достоевский, Толстой сияқты орыстың ғүлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр, ( - грек сөзі, екі адамның айтысы. -мэн, латын сөзі, қысқаша жазылған көркем терең мазмүнды шығарма).Философияның тағы бір ғажап жағы - оның өз бойына мистикалық транцендентік қасиеттерді сіңіруі ( - грек сөзі, қүпия; - аттап өту, латын сөзі). Дүниені транцеденттік жолмен игерудің керектігі - оның түңғиықтығында, шексіздігінде, құпия әлі ашылмаған сырларында. Екінші жағынан алып қарағанда, адамның өзінің де жан дүниесі, ішкі рухани өмірі де шексіз терең. Транценденттеу дегеніміз - ақыл-ойдың шеңберінен аттап өтіп, Дүниенің танылмайтын алғашқы негіздерін, өмір сүріп жатқан болмыстың қүлиясын іштей сезіну, өз болмысыңның Дүниенің терең жатқан сырымен біртүтастығын сезіну. Бүл жағынан алғанда, философия діни сезімге жақындап, кейбір кезде діни философияға айналып кетуі мүмкін.Философияның тағы бір елеулі ерекшелігін алатын болсақ, ол - XX ғасырда пайда болған тілге деген үлкен қызығушылық. Белгілі орыс философы В.В.Бибихиннің: «Философия - қабылдайтын түсінік ретінде өзінің Дүниеге ашықтығымен тілге тең», - деген пікірінде үлкен сыр жатса керек. Ал неміс философы Г.Г.Гадамерді алатын болсақ, ол: «Тіл дегеніміз - бэрін қамтитын Дүниенің алдын ала берілген түсінігі», - дейді.Ал мүның бәрі философияның «филологикалық» ( - сүю, - сөз), «герменевтикалық» ( - грек сөзі, түсіндіру, мән-мағынасын ашу) жағын көрсетеді. Қорытындылай келе, философиялық Дүниеге көзқарастың мэнін ашу жолында біз оның көпқырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылымменен үштасып жатса, екінші жағынан, оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани қүндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық..
Негізгі әдебиет
Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А.Философия және мәдениеттану . А.,2001
Әбішев Қ. Философия.Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған. Оқулық.А.,1999
Ғабитов Т. Философия.Оқулық..А.,2003
Серік Мырзалы.Философия.Оқулық. А., 2008
Қосымша әдебиет
Курс лекций по философии. Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2008
Бегалинова К., Альжанова У. Философия. Алматы: Жибек жолы. Ч.1:История
философии, 2007
Философский энциклопедический словарь/Ред. Е. Ф. Губский. М.: Инфра-М, 2004.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет