2. Бинарлық қатынастардың берілуі. Қатынастардың берілуі бинарлық қатынастардың қасиеттерінен тәуелді. Қатынастардың келесі түрдегі берілу тәсілдерін қарастырайық.
1.R бинарлық қатынасын осы R қатьнасындағы барлық реттелген
жұптарды атап көрсету арқылы беруге болады. Қатынастардың мұндай тәсілмен берілуі саны өте көп емес реттелген жұптар үшін тиімді.
Мысалы: R}= {(1,1), (2,2), (3,3), (4,4)}.
2.Егер қатынасты кұрайтын барлық реттелген жұптарды атап көрсету қиын болса, онда формулатүрінде беруге болады.
Мысалы: S = {(a,b)(a -b) ≡mod 3; a, в Î {0,1...10}}. 3.Бинарлық қатынастардың график түрінде берілуі қатынастың сол және оң жақ облыстарының элементтерінің бағытталған кесінді арқылы қосылған нүкте түріндегі кескінін береді. Әрбір сызық осы қатынаста орналасқан қандайда бір реттелген жұпты көрсетеді. Сызық реттелген жұптың бірінші компонентасына сәйкес нүктеден басталып, осы жұптың екінші компонентасына сәйке келетін нүктеде аяқталады.
Мысалы. S = {(a,b),(a,c),(b,c),(b,d)} қатынасы суретте бейнеленген.
4. R бинарлық қатынасы кесте түрінде берілуі мүмкін. Бұл кестеде қатынастың өрісінің барлық элементтері мен таңдап алынған элемент бойынша осы қатынаспен сәйкес қиылысуы көрсетіледі.
Мысалы: