Бинарлық қатынастарды зерттеу Жоспары: 1. Бинарлық қатынас;
2. Бинарлық қатынастардың берілуі;
3. S жиынындағы бинарлы қатынастар;
4. Жаттығулар.
1.Бинарлық қатынас. Бинарлық қатынас деп екі объектінің арасындағы қатынасты айтады. Бинарлық қатынасты реттелген жұптардың жиынтығы ретінде аныктауға болады. Мысалы. егер бізді нақты а және в жеке тұлғаларының арасындағы «сыйластық» қатынасы қызыктырса, онда мұндай қатынастардың түрі әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен, R = {(a,b)} қатынасы а-ның b -ның сыйлайтындығын білдіреді. R} = {(a,b), (а,а)} қатынасы а-ның в -ны сыйлайтындығын және в –ның а -ны сыйлайтындығын білдіреді. Бізді кызыктырып отырған тұлғалардың арасындағы «сыйластық х қатынасының басқа да түрлерін анықтауға болады: R2={(a,b){a,a)}, R3 = {{a,a){b.b)}, т.с.с.
Жалпы жағдайда, а, Ь екі элементі берілген R қатынасында болса, онда мұны (a,b) немесе aRb түрінде жазады. Егер бұл элементтер R қатынасында болмаса, онда былайша жазады {a,b) Ë R немесе aR b. Кейбір кеңінен танымал катынастарға арнайы атау мен белгі берілген. Мысалы эквиваленттілік (≡), реттеу катынасы (>) немесе (³), теңдік (=), параллельдік (II) перпендикулярлық және т.б.Барлық R бинарлық қатынасын кандайда бір А және В жиындарының тік көбейтіндісінің жиыншасы ретінде қарастыруға болады: R A´ B R бинарлық қатынасының сол жак облысы деп, осы қатынасты құрайтын реттелген жұптардың барлық бірінші компоненталарының жиынын атайды, яғни R_ ={a\(a,b) ÎR} R бинарлық қатынасының оң жақ облысы деп, осы қатынасты құрайтын реттелген жұптардың барлық екінші компоненталарының жиынын атайды, яғни R+={b\(a,b) Î R}.