Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Талдар тұқымдасы (ивоцветные)- Salіcaceae



бет100/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Талдар тұқымдасы (ивоцветные)- Salіcaceae
Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік ендіктің қоныржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әртүрлі особьтарында (екі үйлілік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының түп жағында бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды.
Талдар тұқымдасына 400-дей түр жатады, олар үш туыстың қурамына кіреді: терек (тополь- Populus, 25-30 түр), тал (ива- Salіx, 350-370 түр) және чозения (Chosenіa, 1түр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет