Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет96/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Пысықтау сұрақтары:

  1. Магнолиялар тұқымдасы өкілдеріне көбею жолдары қалай жүреді және халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  2. Сарғалдақтар тұқымдасына өкілдеріне көбею жолдары қалай жүреді және халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  3. Көкнәрлер тұқымдасына өкілдеріне көбею жолдары қалай жүреді және халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  4. Қалампырлар тұқымдасына өкілдеріне көбею жолдары қалай жүреді және халық шаруашылығындағы маңызы қандай?



14. ДӘРІС. Шамшаттар, қайыңдар, талдар, асқабақтар, капустагүлділер, құлқайырлар, тұқымдастарының классификациясына, таралауына, тіршілік формасына, көбеюіне сипаттама
Дәрістің мақсаты-студенттерді жабық тұқымдылардың жалпы сипаттамасымен, классификациясымен, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шамшаттар және қайындар тұқымдасына көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.

  2. Талдар тұқымдасына көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру

  3. Асқабақтар, капустагүлдер тұқымдасына көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру

  4. Құлқайырлар тұқымдасына көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру



Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы - Melophyta monochlamydeae
Бұл топтың құрылысының, барлығына ортақ белгілеріне мыналар жатады: гүлдері ұсақ, көріксіз. Оны осы топтың өсімдіктерінің, желмен тозаңдануға қайта оралуына байланысты, гүлсерігінің қарапайым жағдайға ауысуымен (редукцияға ұшырауымен) түсіндіруге болады. Гүлдері актиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты; гүлсерігі қарапайым, әдетте тостағанша жапырақшалар түрінде болады; гүлшоғыры симподиальды, көп жағдайда жиналып сырға түзеді.
Шамшаттар тұқымдасы (буковые) – Fagaceae
Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдеріңде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыртын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6- мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі.
Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске- сарыға, қоңыр- қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5-7, аталықтарының саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет