Беннеттиттер немесе беннеттитопсидтер класы (беннеттитовые, или беннеттитопоиды) – Bennettіtopsіda
Беннеттиттер түгелімен жойылып кеткен өсімдіктер. Бір қызығы олардың жойылған уақты гүлді өсімдіктердің пайда болған және шарықтап өскен уақтымен сәйкес келеді. Басқа ашық тұқымдылардан айырмашылығы сол, олардың стробилдері (шишки) қос жынысты болады. Вегетативті органдарының құрылысы жағынан саговниктерге ұқсас, бірақ олардың ішінде шөптесін өсімдіктерде болған. Беннеттиттер класы бір қатардан тұрады (Bennettіtales), оған вилламсониялар (Wіllamsonіaceae) және беннеттиттер (Bennettіtaceae) тұқымдастары жатады. Вилламсониялар тұқымдасының аса кең таралған туыстарына вильламсония (Wіllamsonіa) және вильямсониелла (Wіllamsonіella) өсімдіктері жатады. Ал беннеттиттер тұқымдасының кең таралған туысына цикодеойдея (Cycodeoіdea) жатады. Шамасы беннеттиттер тұқымды папоротниктерден шыққан болса керек.