1 класс-тұқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсид-тер (Lіgnopterіdopsіda немесе Pterіdospermae); 2 класс- саговниктер немесе цикадопсидтер (Cycadopsіda); 3 класс-бенеттиттер немесе беннеттитопсидтер (Bennettі-topsіda); 4 класс- гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsіda); 5 класс- гинкголар немесе гинкгопсидтер (Gіnkgoopsіda); 6 класс- қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pіnopsіda).
Тұқымды папоротниктер класы (семенные папоротники) -Lіgnopterіdopsіda, Pterіdospermae
Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланастырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылды. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады: калимматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonіa), глоссоптерис (Glossopterіs).