Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет10/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қоректенуі. Көк-жасыл балдырлар автотрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды да өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид (гликогенге ұқсас), валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (липопротеид) түзеді.
Көбеюі. Көк-жасыл балдырлар негізінен вегететативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ал көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегететативтік көбеюге қажетті участогі гормогония деп аталынады. Арнайы маманданған көбеюі органдары болмайды. Көк-жасыл балдырлар еш уақытта талшықты формалар түзбейді. Жыныстық көбеюі жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі. Олардың ішінде қор заттары мол болады. Бұл жерде спораларды тыныштық қалыпқа көшкен клеткалар деп түсінген жөн, өйткені олар вегететативтік клеткаларға қарағанда сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына көп төзімді келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет