Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет6/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары да аз болмайды.
Құрылысы. Талломы бірклеткалы, колониялы, клеткаланбаған және көп клеткалаы болады. Сонымен бірге олар клеткаларының орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді болып келеді. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынан целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою- өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүткіл қуысын толтырады немесе оның қабырғасына жақын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Клеткада бір немесе бірнеше ядросы және құрамында пигменттері бар, хроматофорлары болады. Хроматофорларының формалары алуан түрлі-пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б. болып келеді. Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілер болып табылады. Кейбір балдырлардың хроматофорасында "пиреноидтар" деп аталынатын ерекше белоктік денешіктер болады, олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын углеводтар жиналады. Крахмалдан басқа артық қор заттары ретінде шыны майлары, липопротеид лейкозин, валютин белогы жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет