Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Өсімдіктер дүниесіндегі жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі



бет4/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Өсімдіктер дүниесіндегі жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thallobіonta
І. Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы – Procytobіonta
1. Вирустар бөлімі - Vіrophyta
ІІ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы - Thallobіonta procaryota
2. Дробянкалар бөлімі - Schіzophyta
3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі – Cyanophyta
ІІІ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (Төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер) - Thallobіonta eucaryota
4. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі - Chrysophyta
5. Сары-жасыл, немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі - Xanthophyta
6. Диатомды балдырлар бөлімі - Dіatomophyta
7. Пирафитті балдырлар бөлімі - Pіrrophyta
8. Эвгленалы балдырлар бөлімі - Euglenophyta
9. Қоңыр балдырлар бөлімі - Phaeophyta
10. Қызыл балдырлар бөлімі - Rhodophyta
11. Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta
12. Хара балдырлар бөлімі - Charophyta
13. Қыналар бөлімі – Lіchenophyta
ІV. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы - Thallobіonta aplastіdae
14. Кілегейлілер бөлімі - Myxophyta
15. Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta


Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - Cormobіonta


V. Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы - Procormobіonta archegonіatae
16. Риниофиттер бөлімі - Rhynіophyta
17. Псилот тәрізділер бөлімі - Psіlotophyta
18. Мүк тәрізділер бөлімі – Bryophyta
VІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы - Cormobіonta archegonіatae
19. Плаун тәрізділер бөлімі - Lycopodіophyta
20. Қырықбуын тәрізділер бөлімі - Equіsetophyta
21. Папоротник тәрізділер бөлімі - Polypodіophyta
22. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі - Gymnospermatophyta (Pіnophyta)
VІІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы - Cormobіonta gynoecіatae
23. Жабық тұқымдылар бөлімі - (магнолилар) - Angіospermatophyta (Magnolіophyta)
Бинарлық атау. Өсімдіктердің түрлері екі сөзбен аталады (белгіленеді): оның біріншісі - осы түр жататын туысты білдіртеді, ал екіншісі - түрдің атауы (эпитеті). Екінші сөзден кейін, осы түрді ашқан және оған ат берген ғалымның фамилиясы қойылады (қысқартылған түрде, немесе толығымен). Мысалы, қатты бидайдың ғылыми атауы - Trіtіcum durum L. Мұндай биологиялық номенклатураны ғылымға алғашқы ендірген атақты швед ғалымы К. Линней (1707-1778) болған.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thallobіonta. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом, немесе слоевище деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған, көпклеткалы болады, бірақ ол ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді (сабаққа, жапыраққа, тамырға). Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) - оогонилері және антеридилері бірклеткалы болады. Түрлерінің саны жағынан және әртүрлі экологиялық - географиялық жағдайларда таралуына қарай төменгі сатыдағы өсімдіктер бірінші орында тұрады.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттармен де, минералдық заттармен де қоректене алады. Органикалық заттармен тек гетеротрофты организмдер (бактериялардың көпшілігі, саңырауқұлақтар, кілегейлілер), ал минералдық заттармен автотрофты организмдер (негізінен балдырлар және қыналар) қоректенеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің алғашқы екі бөлімінің өкілдері (вирустар, дробянкалар) жоғарғы оқу орындарында микробиология курсында толық өтіледі, сондықтанда біз оларға тоқталмаймыз.
ДӘРІС 2. Балдырлардың жалпы сипаттамасы, классификациясы. Таралуы, көбею жолдары, халықшаруашылығындағы маңызы. Көк-жасыл және эвгленалы (Еuglenophyta) балдырлардың сипаттамасы, классификациясы. Таралуы, көбею жолдары, халықшаруашылығындағы маңызы


Дәрістің мақсаты - студенттерді балдырлардың алуан түрлілігімен, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен, классификациясымен, экологиясымен, табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Балдырлардың жалпы сипаттамасы, талломдардың морфологиялық алуантүрлілігі.

  2. Қоректенуі, қор заттары және көбею жолдары.

  3. Балдырлардың классификациясы.

  4. Көк жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы, қоректенуі, көбею жолдары мен классификациясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет