түр (specіes) - морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы; туыс (genus) - жақын түрлердің жиынтығы; тұқымдас (famіlіa) -жақын туыстардың жиынтығы; қатар (ordo) - жақын тұқымдастардың жиынтығы; класс (classіs) - жақын қатарлардың жиынтығы; бөлім (dіvіsіo) - жақын кластардың жиынтығы. Осы келтірілген негізгі таксондардан басқа, аралық қосымша таксондарда бар. Оларға туыс тармағы, тұқымдас тармағы және т.б. жатады. Түрлердің ішінде жартылай түр (subspecіes) және түр тармағы (varіetas), ал мәдени өсімдіктерде - сорттар (cultіvar) болады. Сорт дегеніміз - адамның селекциялық жүргізген жұмысының жемісі. Оның шаруашылықта белгілі бір сапалық артықшылығы болады және ол қасиеті келесі ұрпағына беріліп отырады. Өсімдіктер дүниесін арнайы бекітілген таксондардың рамкасынан тыс төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөледі. Туыстық жағынан жақындығы бар бірнеше бөлімдерді өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына біріктіреді.