Қияр туысы (огурец - Cucumіs). Бұтақталмайтын мұртшалары бар біржылдық өсімдік. Гүл түйіні цилиндр тәрізді, тікенекті түктері болады. Гүлінің формуласы былай жазылады: * Ca(5) Co(5) A0 G(3) ; * Ca(5) Co(5) A(2)+(2)+(1) G0. Африка мен Азияда таралған 30-дай түрі бар. Овощтық өсімдік ретінде екпе қиярды (огурец посевной - C.satіva) өсіреді. Жабайы түрі белгісіз, сорттарының көпшілігі полигамды. Қауын туысы (дыня - Melo). Қоңыржай климатты аудандарда кең таралған 10 түрі бар. Сабағы жерге төселіп өсетін біржылдық шөптесін өсімдік. Гүл түйіні сопақтау немесе шар тәрізді болып келеді, сыртында түктері қаптап тұрады. Екпе қауынды (дыню посевную - M.satіva) БОР-дың оңтүстік аудандарында, әсіресе Орта Азия республикалары мен Қазақстанда көптеп өсіреді. Бұл кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.