Капуста туысы (Brassіca). 50- дей түрі бар, БОР-дың территориясында 9-түрі кездеседі. Олардың көпшілігі мәдени жағдайға ендірілген. Бақша капустасы (к. огородная - B.oleraceae) - өзгергіш түр, оның мынадай формалары болады: жабайы капуста (var.acephala) - биік өсімдік, ол жерортатеңізінің батыс жағалауындағы жартастарда өседі; брюссель капустасы (var.gemmіfera) - екі жылдық өсімдік, олардың қолтығындағы бүршіктерінен ұсақ когандар түзіледі; кочанды капуста (var.capіtata) екіжылдық өсімдік, овощтық өсімдік ретінде өсіріледі, ол овощтық дақылдың жер көлемі нің 30% алады; гүлді капуста (var.botrytіs) хлорофилі жоқ, гүлшоғыры үлкен және жуан гүлсағағында жетілмеген гүлдері болатын сорттары өсіріледі; кольраби (var.gongyloіdes) екіжылдық, сабағы қысқа шартәрізді болып жуандайтын өсімдік; савой капустасы (var.sabauda), екі жылдық өсімдік, дәмінің сапасы жоғары болып келеді. Батыс Европада өсіріледі.
Шалқан капуста (капуста репа, турнепс - B.rapa ) екіжылдық өсімдік, бірінші жылы тамыр сабағы түзіледі. Тамаққа және мал азығы ретінде пайдаланылатын сорттары шығарылған. Олар барлық жерлерде кеңінен таралған.
Жабайы капуста (сурепица - B.campestrіs) біржылдық өсімдік, биіктігі 1м-ге дейін барады, арамшөп ретінде жиі өседі, сиректеу майлы дақыл ретінде өсіріледі (var.oleіfera). Брюква,рапс (B.napus) бір немесе екіжылдық өсімдік, биік сабағына жапырағы қалың болып орналасады. Май алынатын дақыл ретінде себіледі.
Тамыр жемісі овощ ретінде де, малға қорек ретінде де пайдаланылады. Сарепт қышасы (горчица сарептская - B.juncea)- біржылдық өсімдік, май алынатын дақыл ретінде және қыша парашогін алу мақсатында себеді.
Табиғи жағдайда қалың болып өсетін кейбір крестгүлділерді шаруашылықта пайдаланады, мысалы жабайы хренді (Armoracіa rustіcana). Көп уақыттан бері ымыртгүлді (вечерницу, вечерную фиалку - Hesperіs matronalіs), біржылдық левкойды (Matthіola annua) және тағы басқаларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді. Крестгүлділердің көпшілігі тамаша бал беретін өсімдіктер болып табылады, оған қыша туысының (Sіnapіs) түрлері мысал болады. Көптеген түрлері аса зиянды арамшғптер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |