Сұлы біржылдық азық-түліктің және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13 ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6 май болады



бет1/6
Дата21.06.2022
өлшемі34,28 Kb.
#146919
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, treatise125445 (5), тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко


. Сұлы .
Халықшаруашылығындағы маңызы. Сұлы – біржылдық азық-түліктің және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13 % ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6 % май болады. Оның ақсылының құрамында адамға және жануарларға қажетті айырбасқа жатпайтын барлық амин қышқылдары бар; құрамындағы май жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. В1 (тиамин) дәрумені сұлыда бидай мен арпаға қарағанда анағұрлым жоғары. Сондықтан сұлы және оның өңдеу өнімдері диэтикалық, балалардың қоректенуінде қолданылады. Сұлы астығынан әртүрлі жармалар (үлпектер, геркулес, кисель ұны) дайындалады, печенье мен галеттер пісіріледі, ұнын қара бидай және бидай ұндарына араластырып нан өндірісінде қолдануға болады.
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі қоректік заттардың мол болуына байланысты оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде өсіреді.
Сұлыны мал азығына басымырақ пайдаланады: оның бір кило астығы малазықтық құндылық эквиваленті және бір азықтық өлшем ретінде қабылданған. Бұл барлық жануарлар түрлеріне, оның ішінде жас төлдерге, өте жақсы мал азығы болып табылады. Сұлыны сиыржоңышқа, егістік асбұршақпен араластырып өсіру кең тараған. Оны ноғатық, сиыржоңышқа және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасымен пішенге өсіреді. Сұлының таралу ауқымы бидай мен арпаға қарағанда шектеулі. Қазақстандағы егістік көлемі орта есеппен 5 жылда (2004-2008 жж.) небәрі 162 мың га шамасында болды.
Бұл дақылдың өнім потенциалы айтарлықтай жоғары егіншілік мәдениеті жоғары болғанда 30-40 ц/га және орташа егіншілік жүйесінде 20-25 ц/га деңгейінде бола алады.
Сұлының Қазақстандағы астық өнімі орта есеппен 2004-2007 жылдары 11,2 ц/га құрады.
Ботаникалық сипаттамасы. Сұлы (Avena) қоңырбастар (Poaceae) тұқымдасына жатады. П.И. Жуковскийдің жүйелеуі бойынша ол екі секцияға бөлінеді:
Avena Griseb – барлық түрлері біржылдық (нағыз) сұлылар; бұған 16 мәдени және жабайы түрлер біріктірілген.
Avena strum Koch – түрлері көпжылдықтар, олар шалғындық астық тұқымдастар және малазықтық шөп ретінде пайдаланылады.
Avena туыстығының өсімдіктерінде гүл шоғыры, қомақты, қысылған немесе бірбүйірлі болып келетін сіпсебас (шашақ). Шашақ орталық біліктен тұрады және ол сабақтың жалғасы болып табылады, одан 2-3 – дәрежелі бұтақтар тарайды, әрбір бұтақтың басында 2-3 гүлді немесе көпгүлді масақшалар орналасқан. Масақша қауыздары (қабықшалары) ірі, әрі жалпақ (кең), жарғақты және көпжүйкелі. Гүл қауыздары дәнді тығыз қаптаған (бүркеген). Дәннің бүкіл беті жұмсақ түктермен көмкерілген.
Жабайы сұлы түрлері астық дақылдары және басқа танаптық дақылдар егістіктерін ластайды.
Температураға (жылуға) талаптары. Сұлы – қоңыржай климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2оС өне бастайды. Көктеу мен түптену кезеңдерінде салқындау (15-18оС) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді бозқырауды (аязды) – 7-8оС – жақсы көтереді. өсімдіктерінің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозқырау (-2оС) ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның астығы (дәндері) – 4-5оС бозқырауды қалыпты көтереді.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында – 1000-1500оС, орташа мерзімдегілерінде – 1350-1650оС, ал кеш пісетін сорттарында – 1500-1800оС.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бидай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді.
Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығы жаздық бидай мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40оС-да 4-5 сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице құрылымы сал ауруына шалдығады (ал жаздық бидайда ол 10-17 сағ., арпада – 25-30 сағ. соң басталады).
Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиынышылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16оС.

Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңі 70-100 тәулік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет