Сұлы біржылдық азық-түліктің және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13 ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6 май болады



бет6/6
Дата21.06.2022
өлшемі34,28 Kb.
#146919
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР

топырақтың 10 см қабатында температураның 10-120С-ға жетуі;

  • егін көгінің көктемгі бозқыраумен жарақаттануы;

  • тарының күзгі бозқырауға ұрынуы;

  • тұқымның сіңірілу тереңдігіндегі топырақ ылғалдылығы;

  • себу алдында танаптарды арамшөптерден тазарту мүмкіндігі.

    Келтірілген көрсеткіш – талаптарға сәйкес тарының оңтайлы себу мерзімі (басталуы мен аяқталуы) Қазақстанның агроклиматтық аймақтары бойынша төмендегідей:
    - Солтүстік облыстарда (Павлодар облысынан басқа) – мамырдың соңы – маусым айының бірінші бескүндігі (30-31.Ү – 5.ҮІ); Павлодар облысында екінші, үшінші және төртінші агроклиматтық аймақтарда – мамырдың екінші-үшінші онкүндігі (11-31 мамыр). Себуді кешіктіру өте қауіпті: топырақ кеуіп кетуі мүмкін, егін көгі сирек болады, астық піспей қалады.
    Тұқымның сіңіру тереңдігі. Тары тұқымының сіңірілу тереңдігі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығына оның механикалық құрамы мен оның шаңдану дәрежесіне, сонымен бірге себу мерзіміне тәуелді. Тарының жаппай егін көгін алуда тұқымның сіңірілу тереңдігі үлкен рөл атқарады. Өсірілетін аудандары мен аймаққа байланыссыз тары тұқымы ылғалды қабатқа себілуге тиіс: дұрысы – 4-5 см топырақ қабатына сіңірген, алайда беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде 8-9 см тереңдетуге болады. Оның танаптық өнгіштігін арттыру, дер кезінде біркелкі егін көгін алу және соңынан жоғары астық өнімін қамтамасыз ету үшін себу тәсілі мен сепкіш маркасына қарамай танапты сепкеннен кейін бұдырлы катоктармен тығыздайды.
    Себу тәсілі мен мөлшері. Ғылыми мекемелер себу тәсілі бойынша әртүрлі кепілдемелер береді. Біреулері жаппай қатардағы себу тәсілін ұсынса, екіншілері кең қатарлы себу тәсілінің артықшылығын уәжге келтіреді. Алайда өндірістік жағдайда тарыны, әдетте, жаппай қатардағы тәсілмен себеді. Кең қатарлы тәсіл егістіктің арамшөптермен ластану қаупі бар танаптарға ұсынылады, өйткені қатараралықтарды өңдеу жолымен оларды құртуға болады. Жекелеген жылдары таспалы себу тәсілінің артықшылығы байқалады.
    Себу мөлшері өсіру аймағы мен себу тәсіліне байланысты өзгереді. Бір ескеретін жайт, тары жарықсүйгіш және арамшөптерге өте сезімтал өсімдік. Тары егістігі тым жиі болмауға тиіс, өйткені ол әр өсімдіктің өнімділігін төмендетеді, бірақ сирек болмағаны да жөн – арамшөптердін дамуына жол берілмеу керек.
    Таза танаптарға және топырақтың беткі қабатында ылғал жеткілікті болғанда дискілі сепкіштерді (СЗТ-3,6; СЗП-3,6; СДС-18 ж.б.) пайдалануға болады. Топырақтың беткі қабаты 4 см-ден тереңірек кеуіп кеткен жағдайда сошниктері анкерлі сепкіштерді (СЗС-2,1; СЗТС-6; СЗТС-12) тиісті реттеуден өткізіп сепкен жөн. Тұқымның себу мөлшері топырақ-климат аймақтарына, тұқым сапасына байланысты төмендегідей өзгереді:

    • Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаппай қатардағы себу тәсілінде 2,5-3,5 млн/га, ал кең қатарлыда – 1,5-2,0 млн/га өнгіш тұқым;

    • Павлодар облысының бірінші аймағында 1,8-2,0 млн/га, екінші және үшінші аймақтарында – 1,2-1,5 және төртіншісінде – 1,2-1,4 млн/га өнгіш тұқым.

    Егістікті күтіп-баптау. Тары егістігін күтіп-баптау ең алдымен арамшөптерге қарсы күреске бағытталған. Арамшөптерден таза танаптарға орналастыранда мұндай жұмыстын қажеті жоқ, ал нашар алғы дақылдан кейін орналастырғанда тары егістігінде арамшөптерге қарсы күрес міндетті агрошара. Ол үшін танапта тарының көктеуіне дейін арамшөп жіпжелері мен топырақ қабыршағын құрту мақсатында сепкеннен 3-5 тәулік соң егістік тырмаланады. Кең қатарлы егістікте негізгі күтіп-баптау жұмысы 2-3 қатараралық культивацияны қарастырады. Біріншісін егістік толық көктегенде және қатарлар анық байқалғанда 4-5 см тереңдікте жүргізеді. Екіншісін – 7-8 см тереңдікте бірінші қатараралық культивациядан 20-25 тәуліктен соң, ал үшіншісі – екіншіден 1,5-2,0 апта кейін 8-10 см-ге жүргізілу мүмкін.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет