Құлқайырлар тұқымдасы (мальвовые)- Malvaceae
15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бғлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап (тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5- жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден немесе көптен тұқымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |