Дәріс 7 Хара балдырлар бөлімі (Харовые) - Charophyta.
Хара (Сharophyta) балдырларға сипаттама, классификациясы, таралуы, көбею жолдары, халықшаруашылығындағы маңызына талдау жасау
Дәрістің мақсаты - студенттерді тіркеспелі балдырлар класының алуан түрлілігімен, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен, классификациясымен, экологиясымен, табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:
Хара балдырлар класының өкілінің жалпы сипаттамасы, талломдардың морфологиялық алуантүрлілігі.
Хара балдырлар класының классификациясы.
Хара балдырдыі таломының сипаттамасы, қоректенуі, көбею жолдары мен классификациясы.
Көрнекті құралдар: кестелер, гербарий, презентация
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300-дей түрі сипатталып жазылған. Олар мынадай 6 туысқа жатады: нителла (Nіtella), толипелла (Tolypella), нителлопсис (Nіtellopsіs), лампротамниум (Lamprothamnіum), лихнотамнус (Lychnothamnus) және хара (Chara).
Бұлардың алғашқы екеуі нителлалар тұқымдасына (Nіtellaceae), ал қалған төртеуі харалар тұқымдасына (Characeae) жатады.
Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі (көлдерде, өзендердің ескі арналарында), кейде су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоид-тарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |