Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет94/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қарамықша туысы (куколь- Agrostemma). Жаздық және күздік өсімдіктер. Кәдімгі қарамықша (куколь полевой или обыкновенный- A.gіthago)- бір жылдық шөптесін улы өсімдік, астық егілген алқапта арамшөп ретінде жиі өседі. Жапырағы таспа тәрізді, қарама- қарсы орналасады. Сабағы үлкен жалғыз гүлмен аяқталады, биіктігі 80см.- дейін жетеді. Масым, шілде айларында гүлдейді. Гүлсерігі трубка тәрізді. Тостағанша жапырақшалары бірігіп, 5-ұзын (күлтесінен асып тұратын) тістері бар тостағанша түзеді. Күлтесі ашқыл көк түсті болады. Жемісі қауашақ. Дәндері қара түсті. Гүлінің формуласы:
* Ca(5) Co5 A5 G(3).
БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі.
Дәнінде улы зат сапонин болады. Қарамықшаның дәндері астыққа араласып кетсе қауіпті. Мұндай дәнмен араласқан ұнның иісі нашар және дәмі ашқылтым болады. Ұнның құрамындағы қарамықтың мөлшері 0,5% жетсе, ол денсаулыққа қауіп туғызады.
Сылдыршөп туысы (смоловка- Sіlene). Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері қосжынысты немесе даражынысты, бір- немесе екіүйлі өсімдік. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тірсекте отырады (карпофорасында). Гүл түйіні түп жағында үш ұялы болады. БОР-дың территориясында 150-дей түрі, Қазақстанда 62 түрі өседі. Гүлінің формуласы осыған дейінгі туыспен бірдей: * Ca(5) Co5 A5 G(3).
Жарықдәрі туысы (грыжник - Hernіarіa). Бұл туыстың Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Оның ішінде ең маңыздысы жалаң жарықдәрі (грыжник гладкий- Hernіarіa glabra)- көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама- қарсы орналасқан, эллипс тәрізді. Өсімдіктің түсі сарғыш- жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері өте ұсақ. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубочки) түзеді. Гүлсерігі қарапайым, тек тостағанша жапырақшадан тұрады. Тостағаншаларының саны 5. Күлтелері жетілмеген, біз тәрізді, ақшылдау түсі болып келеді. Аталықтарының саны 5. Пестигі бір ұялы жоғарғы гүлтүйінінен тұрады. Жемісі бір тұқымды, қақырамайтын болып келеді. Гүлінің формуласы: * P5 A5 G1.
БОР- дың Европалық бөлігінің орталық және оңтүстік аудандарында, Кавказда, Орта Азияда, Алтайда, Сібірдің оңтүстігінде парға жыртылған егістікте, жолдың жағасында, құмшауыт жерлерде, жыралардың, өзендердің бойында өседі.
Кептірілген шөбінен кумариннің иісі шығып тұрады.
Халық медицинасында өсімдіктің жербеті бөлігі дәрі ретінде қолданылады. Өсімдікті суға салып езсе көпіреді, оны сабын ретінде қол жууға пайдалунуға болады. Сонымен бірге мұндай сабынды үйдегі иттерді жуындыруға пайдаланады (“собачье мыло”).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет