Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет95/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қалампыр туысы (гвоздика- Dіanthus). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу жартылай бұталар. Гүлдері жалғыздан болады немесе дихазиялы гүлшоғырын түзеді. Тостағаншасы түтік тәрізді, жоғарғы жағында 5 тісі болады. Күлтері түрлі түсті боялған, жоғарғы жағы шашақты тілімделген болып келеді. Аталықтарының саны 10, аналықтың мойны 2. Дәндері көп. Гүлінің формуласы:
* Ca(5) Co5 A 10 G(5).
БОР-да 77 түрі, ал Қазақстанда 29 түрі өседі. Туыстың ең белгілі түрлері түрік қалампыры (гвоздика турецкая- D.barbatus) күлте жапырақшаларының түсі шұбар болып келетін көпжылдық шөптесін өсімдік (гүлі үшін мәдени жағдайда өсіреді) және голландия қалампыры (гвоздика голландская- D.caryophyllum)- үлкен, жағымды иіс шығаратын, түкті немесе қарапайым түрлі түске боялған гүлі бар өсімдік.


Тарандар тұқымдасы (гречишные) – Polygonaceae
Түрлерінің жалпы саны 900- дей (40 туыс). Түрлерінің шыққан жері Орталық және Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бұталар, шөптер). Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бұталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама- қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарының түп жағын түтік тәрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып тұрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буындары көп жағдайда жуандап ісінген болып келеді, буын аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері ұсақ, гемициклді немесе циклді, әдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі- жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6-9 (3-8). Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді- 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.
Таран туысы (горец- Polygonum). 280-дей түрлері бар, БОР- дың флорасында 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасынан бастап Австралияға, оңтүстік Африкаға (Кап жері) және Чилиге (космополид туысы) дейін таралған.
Қызыл таспа, құс таспасы (горец птичий- Polіgonum avіculare),- биіктігі 10-нан 40см. дейін жететін біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығында 2-5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. БОР-ның барлық жерлерінде тіптен Арктикада да өседі, көптеген жерді алып жататын таза қопаларында жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында және су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік және жем- шөптік өсімдік болып табылады. Шырмауық таран (горец вьюнковый- P.convolvulus)- біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3-6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік және бал беретін өсімдік. Вейрих тараны (горец Вейриха- P.weyrіchіі)- биіктігі 2-5м. болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, гүлдері жапырақтың қолтығынан немесе сабақтың жоғарғы жағынан шығатын сыпырғы тәрізді гүлшоғырында орналасады; БОР-дың Қиыр Шығысында (Сахалин, Куриль аралдары), Жапонияда және Қытайда өседі. Сәндік және перспективті жемшөптік (силосқа) өсімдік ретінде себеді.
Рауғаш туысы (ревень-Rheum). Барлығы 35-тей түр, БОР-дың флорасында 22 түрі, ал Қазақстанда 10 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда Азияның таулы, негізінен орталық және шығыс аудандарында өседі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Осыған дейінгі туыстан гүлсерігінің ішкі шеңберінің ұлғайып өсуімен ажыратылады, Ол келешекте жемісінің ұшуын жеңілдетеді. Жемісінің қанатшасы болады, ал андроцейі 9 аталықтан тұрады. Дәрілік рауғаш (ревень дланевидный, или ревень лекарственный- Rh.palmatum), Қытайда және Тибетте кең таралған. БОР-да оны овощтық, сәндік және дәрілік өсімдік ретінде өсіреді. Бұйра рауғаш (ревень волнистый- Rh.undulatum) Шығыс Сібірде, Состүстік Монголияда кездеседі, оны овощтық өсімдік ретінде себеді; сорттары шығарылған.
Бұл тұқымдастың экономиялық жағынан ең маңызы үлкен өкілі егістік қарамық (гречиха посевная- Fagopyrum sagіttatum)- жарма беретін дақыл, гүлдерінен аралар бал жинайды. Гүлінің формуласы: * P5 A 8 G(3).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет