Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Гинкголар класы (гинкговые) – Gіnkgoopsіda



бет78/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Гинкголар класы (гинкговые) – Gіnkgoopsіda


Гинкголар класы бір қатардан (Gіnkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегі флорада кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Gіnkgoaceae). Тұқымдас екі қалақшалы гинкго (гинкго двулопастный - Gіnkgo bіloba) деген жалғыз түрмен белгілі. Шыққан жері Қытайдың оңтүстік- Батысы. Ерте уақыттан бері оны Жапонияда және Қытайдың барлық жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш ретінде, мәдени жағдайда арнайы өсіреді. Бұл биіктігі 40м. дейін баратын, бөрікбасы пирамида тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш. Екі түрлі өркені болады: төбелік ұзарған және бүйірлік қысқарған. Жапырақ тақтасы жалпақ веер тәрізді болып келеді және сағағы болады. Ұзарған өркендерінде олар екі қалақты, ортасы ойық болып келеді. Дихотомиялы жүйкеленеді.
Гинкго - екі үйлі өсімдік. Аталық стробилдері (шишки) қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтықтарында пайда болады. Микроспорофиллдері жоғарғы жағында сорилері (сорус) бар тірсектен тұрады. Ол көп жағдайда тек жарықшақтары арқылы қақырайтын, екі салбырап тұрған микроспорангиден тұрады. Аналық стробилдері де қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтығында орналасады. Әрбір стробилде (шишка) екіден тұқымбүрі болады, олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтануы саговниктердегі секілді сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады. Гинкго сәндік өсімдік ретінде кеңінен қолданылады, дәні жеуге келеді, ағашының құндылығы қарағайлармен бірдей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет